Home » Апта аптығы » ЗЫМЫРАН қалдықтары ЗИЯНСЫЗ БА?

ЗЫМЫРАН қалдықтары ЗИЯНСЫЗ БА?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №38 (402) от 19 октября 2017 г.

 

Апта аптығы

 


 

 

Үкімет Қостанай облысынан ресейлік «Союз-2» зымыраны бөлшектерін құлатуға 76 мың гектар жерді жалға бөлмек. Бұл бастамаға қарсылық білдіргендер зымыран бөлшектерінің адам өмірі мен қоршаған ортаға зияны жоқ екендігіне дәлел келтіруді талап етуде.

 

Қазақстан үкіметі Қостанай облысы Жангелдин ауданы ау ма ғынан «Байқоңырдан» ұшы рылатын ресейлік «Союз-2» зымыран тасығышының бөлшек тері құлайтын аймақ ретінде пайдалануға жалпы көлемі 76 мың гектар жерді жалға беруді ұйғарып отыр. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Жангелдин ауданы тұрғындарымен кездесуде зымыран қалдықтары құлайтын жерді пайдаланғаны үшін жер гілікті бюджетке жыл сайын ақша аударылатыны туралы хабар лаған.

«Зымыран тасығыштың бөл шектері құлайтын аумаққа жа қын орналасқан ауылдарға қа зақстандық «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі жылына 152 миллион теңге (460 мың доллар) қаржы бөледі», – деген еді ол.

Министр Атамқұловтың «Азат тыққа» айтуынша, зымыран тасығыш бөлшектерінің құлай тын жерге тигізетін ықтимал зиянды әсерін анықтау мақсатында Ауыл шаруашылығы министр лігінің өкілдері және ресейлік сарапшылардың қатысуымен алдын ала зерттеулер жүргізілген. «Пайдаланылатын зымыран оты нының құрамында гептил жоқ. Ол Р-181 оттегі-керосинді қоз ғалтқышы бар, экологиялық таза, жаңа, заманауи зымыран», – дейді министр.

Астанада қазанның 11-і күні «Бәйтерек» кешенінің жанына жиналған бір топ белсенді «зымыран қалдығы үшін бөлінетін 76 мың гектар жерді жалға бер меуді» талап етіп, министр Бей біт Атамқұловтың атына жазыл ған наразылық хатын тапсырды. Хатқа қол қойғандар қазанның 6-сы күні Қостанай облысында өткен кездесуде министр Атам құлов «Союз-2» зымыран тасы ғышының зиянсыз отынмен ұшы рылатыны жайында еш қандай дәлел келтірмеді дейді. Торғай даласына зымыран бөл шегін құлатуға қарсылардың бірі Әділет Ыбырай (суретте) зымыран «зиянсыз» деген министрдің сөзімен келіспейді.

«Ол жиналыста бес-алты кісі сөйлеген шығар. Бірақ олардың бүкіл Торғай халқының атынан жауап беруге қандай хақысы бар? Үште басталады деген жиналысты он бірде бастап жібер ген. Астанадан барғандар жи налысқа қатысуға үлгермей қалған», – дейді белсенді.

Әділет Ыбырай бұл даулы мәселеде Торғай өңіріндегі бар лық ауыл тұрғындарының пікірін тыңдау қажет деп санайды. Тор ғай өңірінің тумасы, қазір Астанада тұратын Дәулет Серікбай жалға алынған 76 мың гектар жер үшін жылына 152 миллион теңге төлеу туралы шешім қан дай есепке сүйеніп жасалғанын білгісі келеді. Ол Жангелдин ауданында түрлі аурудың күрт өскенін де мысалға келтіріп, атал ған аймақта зымыран қал дық тарын құлатуға қарсы екенін білдірді.

Azattyq.org

About Zika1961