Home » Апта аптығы » ЖУЫҚ БЕС ЖЫЛДА солтүстікке 59 мың отбасы ҚОНЫС АУДАРАДЫ

ЖУЫҚ БЕС ЖЫЛДА солтүстікке 59 мың отбасы ҚОНЫС АУДАРАДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №28 (392) от 11 августа 2017 г.

 

Апта аптығы

 

Көштің көкесі!


 

Алдағы 5 жылда Қазақстанның солтүстігіне басқа өңірлерден 59 мың отбасын көшіру жоспарлануда, деп хабарлады ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов.

 

«Биыл оңтүстік өңірлерден ерікті түрде 122 отбасы көшіп келді. Бұл, әрине, тым аз, сондықтан біз бұл мәселені үкіметте толығымен қайта қарадық. Төрт солтүстік облыста еңбекке жарамды халық санын сақтау үшін алдағы бес жылда ұйымдасқан түрде 59 мың отбасын көшіріп әкелу туралы шешім қабылдадық», – деді Б. Нұрымбетов үкімет отырысында. Оның айтуынша, ҚР солтүстігіндегі төрт облыста көші-қон және демографиялық ахуалды ескеретін болсақ, алдағы бес жылда еңбекке жарамды адамдар саны 167 мыңға азаймақ.

Үкімет Қазақстанның солтүстігіндегі адам көшіріп апаратын төрт облысты анықтады: СҚО, ШҚО, Павлодар және Қостанай облысы. Оларға ОҚО, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан адамдар көшіп барады. Қазір ерікті түрде 2388 отбасы көшіп барғысы келіп отыр», – деді ведомство басшысы.

Б. Нұрымбетовтің айтуынша, көшіп баратындарға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Оның ішінде қоныс аударушылардың жол шығынына субсидия беру, қоныс аударушыларға жұмыс тауып беретіндерге субсидия беру, оларды жайғастыру, шаруашылық жүргізуге жер телімдерін беру, жаңа бизнес иделар үшін гранттар беру, «Серпін» жобасының түлектерін тарту т.б. қарастырылған.

ҚазТАГ

 


 

About Zika1961