Home » Дат|Каз » ЖЕЛІДЕГІ ЖАЗБАЛАР
061417_0736_1.png

ЖЕЛІДЕГІ ЖАЗБАЛАР

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.

 

 

 

АнекDAT

 

Қойшыбайұлы БАЙДІЛДӘ:

Пантеоннан өздерің орын алып, бізге пәтер берсеңдер де болады, Абаев мырза!

• Аbai.kz

 

 

 

«СЕКСПО» БАСТАЛДЫ…

 

 

Қонақтар кеп қалды, «секспо» басталғалы жатыр. Достар, шетелдің алдында маркамызды түсіріп алмайық, қонақтарды дұрыстап қарсы алайық. Кім жемқор, кім шошқа – бәрін білеміз, әңгімені үш айдан кейін жалғастырармыз. Ал қазір қонақтарды улап алмай, далада қалдырмай, әдемі жерлерімізді көрсетейік, тонамай, ҚАЗАҚ деген керемет екен деп кетсін. Бәріміз ат салысайық! Жарай ма?

Аңсаған МҰСТАФА

 

 

 

 

МҮМКІНДІК

 

Мүмкіндікті мүлт жіберген адам Құдайға ренжи алмайды. Құдай оған мүмкіндік берді – пайдаланбаған өзі кінәлі. Ол Құдайға «мүмкіндік бермедің» деп айта алады. Ондай адамдар өмірінің соңына дейін сол мүмкіндікті күтіп өтеді. Бүгінгі шетел азаматынан 40 000 теңге алған такси жүргізушісі, Құдай берген мүмкіндікті мүлт жібермеді. Құдай сол мажар туристі таксистке арнайы алып келді, яғни Құдайдың таксист жігітке берген ризығы сол еді. Жігіт – шетелдікті алдамады. Ол Құдай берген мүмкіндікті пайдаланды.

Жігіт – өз бағасын ұсынды. Шетелдік азамат оған келіспей, басқа таксиге отыра салуына болар еді. Таксист туристты мәжбүрлеген жоқ. Сондықтан ебін тапқан таксисттің пысықтығына риза болғаннан басқа еш тағатын мін таппайсың.

Құдай тағы да сондай қалталы туристерді Қазақ еліне әкеліп, қарапайым қазақ ұлқыздары байып қалуына себеп болғай! Аумин!

 

Самат НҰРТАЗА

 

Шынайы мұсылманға ПОНТ…ЕОН КЕРЕК ПЕ?

 

Үкімет бекіткен ПОНТеонға жерленетін шенеуніктердің лауазымдық тізбесіне қарағанда, бірдебір шынайы мұсылман мәйіті ол жерге жолатылмайтын тәрізді. Бір жағынан бұл дұрыс та.

 

Өйткені лауазымына қарай ол жерден буддист те, христиан да, атеист те орын алмақ. Тізбе бойынша, ол жерде негізінен исламды құбыжық қып көрсететіндер, мекемесінде намаз оқуға рұқсат етпейтіндер, өздерін ислам құндылықтарынан жоғары әрі тәкаппар ұстайтындар, әділдікке жақтаспайтындар, дінімізге қарсы заң шығаратындар, мемлекеттік тілді менсінбейтіндер, әділетсіз жаза тағайындаған соттар, тек мұсылман болғаны үшін ғана адамдарды қорлайтындар, парақорлар мен жағымпаздар жататын тәрізді. Біртебірте әлемдегі Құран ең аз оқылатын, мүмкін, мүлде оқылмайтын мола сол болып жүрмесін?!

Сондықтан шынайы мұсылманның ПОНТеонда шаруасы жоқ!

Марат ТОҚАШБАЕВ

 

 

АнекDAT

 

Қызық. Ашаршылық құрбандарына – құр қара тас, ал «тоқшылық құрбандарына» – пантеон.

Kosai AUELHANның ФБпарақшасынан

 

 

ПАРА МЕН ЖАЛА

 

Бір миллион доллар пара алған Ни босап шығады да, 45 000 теңгені сөмкесіне қорқытыпүркітіп салған Марал Қадыр 7 жылға сотталады. Марал жетім қыз, жесір келіншек, жалғызбасты ана болатын. Оның кінәсіз екенін бүкіл әріптестері, облыс жұртшылығы, ақсақалдар алқасы айтып, соттан араша сұраған.

Ал әріптесінің қайтқан анасына ұжым болып жинап берген батаға деген ақшаны пара ретінде тіркеу еш адамгершілікке жатпайды ғой! Қырық бес мың теңге үшін жеті жылға соттап, мүлкін кәмпескелеу, өмір бойы мемқызметке жолатпау – бұл енді цирк. Сот үкімін естігенде, Каспий күңіренді. Ал, жыртылыңдар! «Алға, Қазақстан, алға, Нұрсұлтан!».

Оңғар ҚАБДЕНОВ

 

 

КЕННЕДИДІ БІЛЕМІЗ БЕ?


Бүгін Кеннедиге 100 жыл…

Жазып отырған себебім – ол кісі маған жақын болып шықты… Біріншіден, көршіміз болған екен. Тұптура бір ғасыр бұрын біз тұрып жатқан Бруклайн деген қалашықта туған, таяқ тастам жердегі көрші мектепте оқыған. Ағаштан салынған екі қабат үйі әлі сол қалпында, қазір шағын музейге айналған.

Екіншіден, университеттеспіз. Гарвардта оқыған. Қазір Гарвардтың Үкімет мектебі Кеннедидің атында.

 

***

Америкалықтардың Кеннедиге деген маxаббаты ерекше. Қатты жақсы көреді. Баржоғы 2 жыл 10 ай ел басқарған Американың ең жас президенті соншама не істеп үлгерген деген сұрақ еріксіз тууы мүмкін.

Біріншіден, бірқатар реформаларды қолға алып, салықты күрт түсіріп, экономика қазанының отын лап еткізген. Эйзенxауэрдің кезінде 2%ды місе тұтқан ІЖӨ өсімін 5,5%ға бірақ шығарады. Инфляцияны 1%дан асырмайды.

Екіншіден, «Қырғиқабақ соғысын» орыстілді ақпараттық кеңістік «Кариб дағдарысы», ал америкалықтар – «Куба зымыран дағдарысы» деп атайтын аса шиеленіскен, адамзаттың тағдыры таразыға тартылған тұста Кеннеди кеңдік әрі көрегендік танытады.

Жалпы ядролық қару жарысы түбінде жақсылыққа апармайтынын, адамға да, қоршаған ортаға да пайдасыз, бос әурешілік екенін түсінген Кеннеди әріптесі Хрущевпен келіссөз жүргізіп, 1963 жылы тамызда «Ядролық қару сынағын шектеу туралы» келісімшартқа (The Partial Nuclear Test Ban Treaty) қол қояды. Осы уақыттан бастап, ядролық қаруды жер үстінде, су астында немесе ауада жаруға тыйым салынады, сынақ тек жар астында жүргізіледі деп келісіледі.

Халықаралық саясатта «қара дүрсін күш» (hard power) емес, «жайлы күштің» (soft power) жеңіп шығатынын ұғады. Бейбітшілік корпусын (Peace Corps) құрып, Американың шетелдік абыройына қарапайым xалықты жұмылдырған. Күні бүгінге дейін 220 мыңнан аса америкалық 140 елде әртүрлі мәселелерді шешуге қызмет еткен.

Үшіншіден, көршің кедей болса, тыныштық болмасын білген Кеннеди Латын Америкасы елдерімен экономикалық байланысты күшейту үшін «Прогресс альянсы» жобасының бастамашысы болады. Жылына 1,4 млрд доллар көмек беріп тұрады.

Төртіншіден, «адам құқығын қорғауды ардың ісі» деп атап, таршылық көріп келген қара нәсілділерге біраз кеңшілік береді. Қаралардың ғана емес, әйелдердің де құқығын қорғайды. Әйелдердің еңбекақыдағы теңсіздігін заң жүзінде жояды.

Бесіншіден, жеке жетістіктеріне келсек, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, АҚШ Теңіз күштерінің батырлық үшін берілетін ең жоғары даңқына ие болады. Американың шығармашылық еңбегі үшін Пултцер сыйлығын жеңіп алған жалғыз президенті.

Жастай қайтқан соң, жұрт жадында жарқын жүзімен, тартымды келбетімен қалған. Оған қоса, Айға адам аттандырамын деп, xалықтың назарын «Қырғи қабақ соғыс» төндірген үрейге емес, жұлдыздарға аударып, үміт сыйлаған басшы болған. Сондықтан Кеннеди – жастық жалынның, үкілі үміттің символы іспеттес. Жоғарыда жазылған жетістіктеріне қоса, xалықтың шынайы маxаббатына ие болуының сыры осы болар деп ойлаймын.

Үш жылға жетпейтін уақыт президент болса да, АҚШтың ең танымал үш президентінің қатарынан орын алуы – әлемнің президенттік институттығындағы айрықша құбылыс. Жалпы, ел басшылары риторикасын «мемлекет xалыққа жағдай жасайды» деген тезиске байлайды. Солай қолдау табады. Осы уақытқа дейін АҚШ тариxында Кеннеди сияқты xалықтың 70% мақұлдауына ие болған президент болмаған екен.

 

***

Кеннедидің 100 жылдығынан бөлек, бүгін Америкада Еске алу күні (The Memorial Day). Әргібергі заманда АҚШ туы астында қаза тапқан ұлқыздардың әруақтарына тағзым етеді.

Бүгінгі демалысты пайдаланып, ұйқыны қандырып, Джон Кеннедидің кітапxанасы мен музейіне бардық. 1963 жылы Кеннеди қастандықтан қаза болған соң, елжұрт жылу жинап, бұл орталықты 16 жылда әрең аяқтаған екен.

Бүгін үлкен той, xалық ығыжығы… Сыртқы есікке «Мың адамға жететін торт береміз» деп жазып қойыпты. Музей экспозициясымен асықпай танысып шықтық, 17 минуттық деректі фильм көрдік. Содан кіреберісі көрерменмен «желімделген» залға бас сұғып, сығылысып алдыңғы жағына өңмеңдедік. Бостонның әкімі сөйлеп тұр. Саxнаға жақын жерде шөккен түйедей торт жатыр.

Ғайыптан тайып, әлгі алып торт салынған арба біздің алдымызға келіп тұра қалса бола ма! Құдай берем десе, бере салады екен: ең алғашқы тілімі бізге бұйырды.

Шыңғыс МҰҚАН

About Zika1961