Home » Дат|Каз » Жанболаттың СЕКСЕНДЕГІ ЖАНАШЫРЫ

Жанболаттың СЕКСЕНДЕГІ ЖАНАШЫРЫ

 

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

 

 

 


 

Астана қаласы мен Назарбаевтың туған күні 80 жастағы ақсақал, Жанболат Мамайды қорғау комитетінің белсендісі, Жемқорлықпен күресу Халық Майданының мүшесі Ережеп Алдабаев ата ЭКСПО көрмесінде Қазақстандық және халықаралық жұртшылықтың назарын – Жанболат Мамайдың заңсыз қамауда отырғанына аударды. Ол Жанболаттың суреті салынған жейдені киіп алып, бүкіл ЭКСПО көрмесін аралап шықты және Астананың адамдар көп жүретін жерлері мен биліктік мекемелер ғимараттары маңынан жүріп өтті.

 

Ал 7-ші және 11-щі шілде аралығында Ережеп ақсақал Алматының ақсақалдар өкілдерімен, Желтоқсан көтерілісіне қатысушылармен және Жемқорлықпен күресу Халық Майданы мүшелерімен бас қосып, ерекше, маңызды және Қазақстанның тарихында ізі қалатын үлкен шара өткізді! Сол шараның нәтижесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының Төрағасы, П. Томсонға, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы А. Гуттеришқа, АҚШ президенті Дональд Трампқа, Европарламенттың төрағасы А. Таяниға, ОБСЕ Төрағасы Курц мырзаға және Қазақстанның президенті Нұрсултан Назарбаевқа хат жолданды.

Ол хаттың мазмұнында қамаудағы Арон Атабек, Сейітқазы және Әсет Матаевтарды, Мұхтар Жәкішевті, Жанболат Мамайды және жазықсыз түрмеде отырған басқаларды жедел босату талап етілген. Сонымен берге, шешуін таппаған жер және жекешелендірудің екінші толқынында орын алып жатқан заңсыздықтар мәселесі сөз болады.

Жәзира ТОҒАНБАЕВА

About Zika1961