Home » Гвоздь номера » ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТ АТАМБАЕВТЫҢ саясатын қаз-қалпында жалғастырса, ҮШІНШІ ҚЫРҒЫЗ ТӨҢКЕРІСІ БОЛАДЫ

ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТ АТАМБАЕВТЫҢ саясатын қаз-қалпында жалғастырса, ҮШІНШІ ҚЫРҒЫЗ ТӨҢКЕРІСІ БОЛАДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №38 (402) от 19 октября 2017 г.

 

ДАТ!

 

 


Айбек ТҰРДЫБАЕВ, Қырғызстан «Атамекен» партиясының белсендісі:

 

Сонымен, қырғыз елі өзінің бесінші прези дентін демократиялық жолмен сайлап алды. Шетелдік бақылаушы лардың пікіріне қарағанда, сайлау мейілінше әділ және таза өтті. Біз осы президенттік сайлауға дейінгі және одан кейінгі жағдайлар жөнінде пікір алысу үшін, «ДАТ!» айдары аясындағы әңгімеге қырғыз қайраткері, «Атамекен» партиясының белсендісі Айбек Тұрды баевты шақырған едік.

 

 

– Айбек мырза, ең алдымен қырғыз халқы өзіне бесінші президент сайлап алған демо кра тияның жеңісімен сізді газет редакциясы атынан құттық тай мыз! Жалпы, Қырғызстанда өткен сайлауды, ұсақ-түйек техникалық кемшіліктерін айтпағанда, шетелдік бақы лаушылар әділ өтті деп жатыр. Қалай болғанда да, Қазақ стан дағы сияқты 98 пайыз емес, жеңімпаз кандидат 54 пайыз ғана дауыс жинағаны әділдікке дәлел болса керек. Оппозиция өкілі ретінде өткен сайлауға сіздің берер бағаңыз қандай?

– 2017 жылдың 15 қазанында Қыр ғызстанда өткен сайлау, бақылаушылар айтқандай, дұрыс, салыстырмалы түрде қарасақ, жақсы әрі таза өтті деп айта аламын. Алайда сайлауға дейінгі мә селелер бар. Соның ішінде сайлауға дейінгі президент Атамбаев тарапынан жасалған тәсілдер. Бізде ұлттық лидер – президент ешбір партияға мүше болмау және ешбір партияға жан тартпау керек. Атамбаев мырза әрдайым айтып жүрді – мұрагер шығармаймын, әділетті сайлау өткізіп беремін деп.

Бірақ ол сөзінде тұрған жоқ! Себебі сайлауға бес күн қалғанда Сочи қа ла сында өткен Евразиялық одақ саммитіне өзі бармай, премьер-министрді жіберіп, өзі жер-жерлерде, аймақтарда белсен ділермен жолығып, жабық есік жағ дайында жиындар өткізіп, белсенділерге қысым жасап, әкімшілік ресурсты пайдаланды. Бұрын-соңды болмаған күш пенен мемлекеттік машинаны Сооронбай Жээнбековтің пайдасына жаратып, 54 пайызбен бірінші орынға шығартты.

Бұл жердегі негізгі факторлар – әкімшілік ресурс, ақшаның күші және регионалдық-жершілдік. Түстіктен шыққан президентке сайлаушылардың көпшілік дауыс беруі де түстіктен болды. Сооронбай Жээнбеков осы үш фактордың негізінде президент сайлауында жеңіске жетті.

Негізі, осы өткен сайлауға дайындық 2015 жылдан бері басталған. Атамбаев мырза өзінің ең негізгі қарсыласын Омур бек Текебаевты сайлаудан аластату мақсатында қара пиарды пайдаланып, дәлелсіз айыптармен түрмеге тық ты да, өзінің мұрагері Жээнбековтың алдын тазалап, оның президент болуына барша мүмкіндік жасап берді. Енді сол жасалған жұмыстың жемісін көріп отыр.

 

– Президенттік сайлауға қырғыз оппозициясынан кім түсті және оның мүмкіндігі қандай еді?

– Осы өткен сайлауға оппозициялық «Атамекен» партиясының атынан партия лидері Омурбек Текебаев қатысу керек еді. Оның кандидатурасы тіл комиссиясынан өтті, миллион сомдық төлемді сайлау комиссиясына құйды. Алайда жасалған саяси қысымның негізінде Текебаевты сайлауға жеткізбей соттап, кандидаттықтан алып тастады.

Екінші негізгі оппозициялық күш атынан «Бүтін Қырғызстан» партия сы ның өкілі Адахан Мадумаров та жарысқа шықты. Жоғарыда айтып өткендей, әкім шілдік ресурс пен мемлекеттік машинаның күшімен бірінші орынға Жээнбеков келсе, ақша ресурсымен миллиардер Бабанов 33 пайыз жинады, ал Адахан Мадумаров нағыз қаратабан, шындық пен ақиқат үшін күрескен азамат, өкінішке орай, үшінші орында қа лып қойды.

 

– Сооронбай Жээнбековтің жеңісі – президент Атамбаев жүргізіп отырған қазіргі билік саясатының жеңісі деп бағалай аласыз ба?

– Әрине, себебі Қырғызстанның Конс титуциясы бойынша бізде парла менттік-президенттік басқару жүйесі орнаған. Ол 2010 жылғы елдің қаны тө гілген революциялық режимнің арқа сында билікке келді. Бірақ елдің қызық шылығына емес, бір адамдық басқару мен диктатураны орнатуға жұмыс жасады. Сондықтан бұл жеңісті – бүгінгі Қыр ғызстан социал-демократиялық пар тия сының жеңісі десек болады.

Біздің елдің Конституциясы бойынша, экономикаға және басқа әлеуметтік секторларға премьер-министр жауап береді. Ал премьер-министрді кім дайындайды? Оны коалиция дайындайды. Коалиция кімнің қолында? Парламенттің қолында. Бізде бірінші фигура парламент болу керек еді. Ал Атамбаев 2015 жылғы сайлауда әкімшілік ресурсты қолданып, өзінің партиясына көп дауыс жинаттып берді. 120 депутаттың басым бөлігі Қырғызстан социал-демокра тиялық партиясының мүшелері болған дықтан, билікке узурпация жасады.

– Жээнбеков бүгінгі президент Атамбаевтың қолшоқпары болып қала бере ме, жоқ әлде ол өз протежесінің ықпалынан тыс саясат жүргізе ме? Пікіріңіз қандай?

– Бұл жөнінде менің жеке екі пікірім бар. Егер Жээнбеков мырза Атамбаев тың жүргізген саясатын қаз-қалпында жалғастырам десе, бір-екі жылға жетпей, біздің ел үшінші революцияға дайын болады. Себебі Атамбаевтың жүргіз ген саясаты елдік, демократиялық би ліктен ауытқып, узурпацияға қарай жол ашқан билік. Оған біздің қырғыз халқы жол бермейді.

Екінші пікірім – Жээнбеков текті жерден шыққан жігіт, мемлекетте көп жылдан бері үлкен қызметтерде жұмыс істеп жүрген адам. Ол бір-екі жылда биліктегі Атамбаевтың командасын тазалап, өзінің командасын түзіп, нағыз елдік президент болғанға мүмкіндігі бар. Егер Жээнбеков Атамбаевтың саясатын емес, өзінің мәмлесімен елдік лидер болып саясат жүргізетін болса, келешекте Қырғызстанның ел сыйлайтын президенттері қатарына кіруіне толық мүмкіндігі болады.

 

– Осы сайлаудан кейін Қыр ғызстан Орталық Азиядағы парламенттік басқару жүйесіне өтетін бірінші мемлекет болады деген пікір бар. Бұл жөнінде қандай ой айта аласыз?

– Жоғарыда айтып өткендей, Атам баевтың жолын жалғастырмай, демо кратиялық жолға түсетін болса, Қыр ғызстан парламенттік басқару жүйесіне толық өтуге толық мүмкіншілік алады. Жалпы, еркіндік пен демократия бір күнде келмейді. Еркіндік үшін ата-бабаларымыз мың жылдық қанын төккен. Сондықтан демократия 5-10 жылда түзеліп шықпайды. Жээнбеков еркін демократиялық мемлекет орнатам десе, дербес саясат жүргізсе, Қырғызстан бұрынғы кеңестік мемлекеттердің арасынан шынайы демократиялық елдер дің қатарына өтуіне толық шарттар бар.

 

– Егер Қырғызстан парламенттік басқару жүйесіне көшетін болса, Алмазбек Атамбаев парла мент тік сайлауда жеңіп шыққан партияның лидері ретінде премьер-министр болып, мемлекеттік билікке қайтып келуі мүмкін бе?

– Иә, оған біздің Конституциямыз жол береді. Қазіргі сайланған прези денттің функциясында коалиция құру мандаты бар. Сол мандатты Сооронбай Жээнбеков кімге береді? Өзінің партия сына беретін болса, парламенттегі көпшілік коалиция бұл жерде ҚСДП. Ол партия көпшілік коалициясын құрап, Атамбаевты премьерлікке ұсынса, оған біздің заңдар жол береді және ондай мүмкіндік бар.

Бұнда мынандай себеп бар. Конституцияны 2020 жылға дейін өзгертуге болмайды деген нормаға қарамастан, Атамбаев Ата заңға өзгерістер енгізіп, президенттік өкілеттіліктерді азайтып, премьер-министрдің функцияларын жоғарылатып қойған. Біз сол кезде бұл тірліктің астарын түсінгенбіз. Атамбаев президенттіктен кейін премьерлікке дайындалып жатыр деп ойлағанбыз. Сондықтан Атамбаевтың премьер болуы 100 пайыз мүмкін.

 

– Қырғызстанның парламенттік басқару жүйесіне көшу жөніндегі президент Атамбаевтың Конс титуцияға енгізген өзгерістерді оппозиция қолдай ма?

– Толықтай қолдайды, егер бәрі Конституция бойынша істелсе. Қырғыз станның парламенттік-демократиялық мемлекет болып қалыптасуы оппози цияның бірінші тілеуі.

 

– Олай болса, оппозиция Атамбаевтың кандидатурасы – Жээнбековті қолдау керек еді ғой?

– Бұл жерде оппозиция конститу циялық нормаға емес, биліктің узурпациясына қарсы шықты. Өйткені қай тадан диктатураға қарай жол ашыла бастады. Мәселе Конституцияда емес, мәселе – лидерде. Лидер мемлекетті басқарам десе, Конституциясыз да басқара береді. Біздің қарсылығымыз – Атамбаевтың жүргізген саясатында. Себебі Конституция мен жүргізілген саясат екеуі екі түрлі болды.

 

– Кейбір саясаткерлердің айтуына қарағанда, Атамбаев пен Назарбаевтың арасындағы текетірес Қырғызстанның дәл осы парламенттік басқару жүйесіне көшуден басталды деген пікір бар. Яғни, Қырғыз стан парламенттік-демокра тиялық ел ретінде авторитарлық биліктегі Қазақстанға, оның халқына жаман үлгі көрсетуі мүмкін. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?

– Келісемін. Себебі әр мемлекеттегі халықтың өзінің саяси қызығушылығы болады. Мысалы, біздің демократиялық жүйені құрғанымыз – посткеңестік республикаларда диктатура орнатқан саяси лидерлерге жақпайтыны сөзсіз. Біздің үлгі оларды ыңғайсыз жағдайға қояды.

 

– Жалпы, Атамбаев пен Назарбаевтың арасындағы тартыс төңірегінде Қырғызстан халқының пікірі қандай? Қырғыздар өз президентін жақтады ма?

– Бұл сұраққа біркелкі жауап беруге болмайды. Мен Қырғызстанның түстік аймағында ел аралап шықтым: елдің пікірі толықтай Атамбаев жақта деп айта алмаймын. Дипломатиялық тілмен айтқанда, масқарашылық болды. Нұр сұлтан Назарбаев қазақ елінің басшысы, оны бір Атамбаев емес, бүкіл дүние жүзілік лидерлер сыйлайды. Сондықтан осындай құрметті адамға Атамбаевтың сөз сөйлегенін қырғыз азаматтары қолдамады. Керісінше, теріс пікірде.

 

– Қырғыз-қазақ арасындағы дауға себепкер болған Баба новтың бұл сайлауда жеңіліп қалу себебі неде? Жалпы, Бабанов елдегі қандай күштер дің өкілі еді?

– Бабановтың жеңілісінің себебін екі тұрғыдан қарасақ болады. Бабанов 2010 жылғы парламенттік сайлауға түс кенде үлкен уәделер берген, бірақ өзі коалициялық басқарудың басында кел ді. Премьер-министр болды. Бабанов тың ақша ресурсы, миллиардтаған бай лығының есебінен 33 пайыз дауыс жинады. Оның жеңілісіне Атамбаевтың қара пиар жүргізгені сөзсіз әсерін ти гізді. Президент басымен екі елді қағыс тыратын жолға дейін барып, қазақ бауырлардың көңіліне келетін сөздерді айтты. Өзінің мақсатына жету үшін, Атам баев ешнәрседен тайынған жоқ. Ешкімнің көңіліне қарамады. Мемлекет тік машинаның бар күшін пайдаланып, ақыры өзінің мақсатына жетті. Сон дықтан Атамбаевтың жасаған әрекет тері Бабановтың ұтылуына әсер етті.

Жалпы, Бабанов прогрессивті, жалынды, білімді жастардың өкілі. Себебі Бабанов – бизнесмен, менеджер, реформатор. Бабанов премьер-министр болған уақытта бірнеше үлкен жобаларды іске асырды. Мысалы, сенімхат мә се лесін жоқ қылды. Қазір біздер кез кел ген автокөлікті айдап кете береміз. Бабанов елге, халыққа пайда әкелетін істер жасаған адам екенін мойындау қажет.

 

– Бабановты Қазақстан жағы неге қолдады деп ойлайсыз?

– Бабанов премьер-министр болып отырғанда, оның жұмысының кадрлық жүйесін қазақ досы шешіп отырған. Бұған қоса, Бабановтың Болат Өтемұ ратов секілді қазақ олигархтарымен дос тық қатынасы бар. Бабановтың уа қытында қазақ бизнесмендерінің Қыр ғызстанға ықпалы болды. Бұған қоса, Бабанов қазақ бауырларға күйеу бала болып келеді: Шымкенттің бұрынғы әкімінің қызын алған. Өзінің бірінші бизнесін Шымкенттен бастаған. Бабанов Қырғызстанға миллионер болып келді. Одан кейін бұрынғы президенттің баласы Айдар Ақаевпен дос болып, Қырғызстанда бизнес жүргізген. Баба новтың қазаққа күйеу бала болғаны, өзінің бизнесін Қазақстанда бастағаны, Қазақстанның олигархтарымен тығыз байланыста болғаны үшін оны Қазақстан билігі қолдады деп ойлаймын.

 

– Осы сайлауда Қырғызстанның үшінші президенті Роза Отунбаева кімнің кандидатурасын қолдады?

– Роза Отунбаева «Атамекен» пар тия сының өкілі Текебаевты қолдаған болатын. Алайда жаңа айтып өткенім дей, саяси қысымның нәтижесінде Текебаев сайлаудан аластатылды. Сон дықтан «Атамекен» партиясы сайлауға протест қойды. Отунбаева ешбір партия ны, ешбір кандидатты қолдамай, тәуел сіз бақылаушы ретінде сайлауға сырттан ғана бақылау жасады.

 

– Осы сайлаудан кейін қазақ-қырғыз қатынастарына байланысты жағдай қалай өрбиді деп ойлайсыз? Жаңа президент Атамбаевтың текетіресін жалғастыруы мүмкін бе?

– Қырғыз бен қазақ халқы кеше, не бүгін дос болған жоқ. Сондықтан екі халық бөлінбейді, екі елдің ынтымағы шыңдала береді дегенге сенемін. Қазір гі жағдай уақытша көрініс. Менің ойымша, Қырғызстанның билігіне кім келсе де, Қазақстан мен Қырғызстанның мәмі лесі тез арада жолға қойылады.

 

– Президент Атамбаевтың билігі кезінде Қырғызстан экономикасында қандай өзгерістер болды? Жетістік ретінде нені айтар едіңіз?

– Президент Атамбаевтың мезгілінде оппозициялық партия болсақ та, мойындау керек, көп нәрселер жасалды. Қарабалтада мұнай өңдеу зауыты ашыл ды. Қаншама жаңа жұмыс орындары пайда болды. Орта Азия мемле кеттерінің арасынан су ресурсы ең көп ел ретінде электр жүйелері қолға алынды. Бұдан басқа да көптеген жақсы істер атқарылды. Атамбаев Орта Азияда ғана емес, бұрынғы кеңес респуб ликаларының ішінде ең бірінші болып, автоматтандырылған биометрикалық әдісті қолданатын сайлаудың жаңа түрін кіргізді. Мұндай жүйе Еуропаның көп теген мемлекетінде жоқ. Ол үшін біз Атамбаевқа рахмет айтамыз.

Енді Атамбаевтың жасаған кемшілі гіне тоқталатын болсам, 2010 жылы ол өзімен бірге келген уақытша үкіметтің 14 мүшесінің 13 биліктен аластады, Ақаевтың, Бакиевтің қол астында жүрген кадрларды алып келді. Мысалы, агроном Сегізбаевты Мемлекеттік қауіп сіздік комитетіне басшылыққа қойды. Сол Сегізбаев Ақаевтың уақы тында баспасөз хатшысы болған. 2005 жылы «Жауқазын революциясында» елдің талауына қалып, өртенейін деп тұрғанда, біз оны ажыратып алғанбыз. Кәсібі бойынша агроном, журналисті Қырғызстанда генерал қалмағандай комитеттің басшылығына алып келіп, өзінің оппоненттерін, әріптестерін түр меге отырғызды. Қазір Атамбаевтың жанында Бакиевтің кадрлары отыр. Мысалы, Бакиевтің баласы Максимнің қа ғазын тасып жүрген жас баланы премьер-министр жасады. Уақытша үкімет тің мүшелерін сатып кетті.

 

– Екі ел басшылары арасындағы дау-дамай Қазақстанда жұмыс істеп жүрген қырғыз азаматтарына кесірін тигізді деген пікір бар. Осы жөнінде не айта аласыз?

– Әрине, зияны тиді. Эко номикалық жақтан миллиард таған сом зиян шегеді. Қазақ стан мен Қырғызстан орта сын дағы «Ақ жол» шекара бекетінде 200–300 автокөлік бір-екі километрлеп машиналар кезекте тұр.

Көліктерге тиелген ауыл шылық өнімдері мен жемістер, тез бұзылып кететін тағамдар екенін ескерсек, кәсіпкерлерге қиын тиіп жатыр. Жүгі өтпей жатқан адамдар тек Қыр ғызстан емес, Қазақстан мен Тәжікстан азаматтары. Олардың бәрі 4–8 сағаттан ұзын кезекте тұруға мәжбүр болуда.

Осы сұхбатты пайдаланып айтып кетейін дегенім – біз сол бекеттен өтіп жатқан кезде таныс кеденші маған былай деді: «Атамбаевтың Еуропада тұ рып, бір жолы қатты сөйлеген сөзін қа зақ елі кешірді. Екіншісін кешіру қиынға соғады. Нәтижесін көріп отырмыз».

Осы орайда айтарым: «Құрметті Нұр сұлтан Әбішұлы! Сіз ұлы мемлекетті, қазақ елін дүниежүзілік аренаға шыға рып, дамыған мемлекеттердің қатарына қосам деп жүрген танымал лидер бола жүріп, кетіп жатқан президенттің бір ауыз сөзі үшін екі халықты қинамаңыз! Қазақстандағы мигранттар әкімшілдік штрафтар төлеп, мыңдап депортацияға кетіп жатыр. Құқық қорғау қызмет керлерінің қырғыздарға деген жеккө рінішті халі күшейіп, мигранттарға қы сым жасалуда. Сондықтан кететін пре зиденттің сөзіне ренжімей, өзіңіздің ұлылығыңызды көрсетіп, біздің ми грант тарға жақсы шарттар жасап бе руіңізді Қазақстандағы бүкіл қырғыз мигранттарының атынан сұраймын. Біздің мигранттарға жақсы шарт жағ дайын жасасаңыз, біз де салық төлеп, Қазақстанға экономикалық тұрғыдан пайда келтіреміз. Осыны еске алып, мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз!».

 

– Бұл өтінішіңізді тиісті адамдар Қазақстан президентіне жеткі зеді деп ойлаймыз… Жалпы, Қазақстанда қанша қырғыз кәсіп құрып жүр – бұл жөнінде статистика бар ма?

– Ондай ресми мәліметтер менде жоқ, ал бейресми мәліметтер бойынша, 50 мыңдай қырғыз азаматы Қазақстанда кәсіп етуде. Көпшілігі жарты жылдық, бір жылдық жұмыс визаларын алған. Қырғыз ағайындарымды осы жерден нан тауып, бала-шағасын асырап отыр ғаннан кейін, Қазақстан мемлекетіне салық төлеп, ресми ашық кәсіп жасауға шақырамын.

Мен 11 қазанда шекарадан өттім. Кезектің алды 4 сағат, арты 7 сағаттан бері тұрған екен. Сондай қиыншы лық тарға кездестік. Ол жерде екі ел азаматтары бірдей қиналуда. Кезекте тұрған Қазақстан азаматшасы жүрегі ауырып, қаза болды. Осының бәрі екі ел пре зидентінің тіресуінің нәтижесі.

 

– Сіз Атамбаевтың Қазақстан билігіне қатысты айтқанын қырғыз ағайындар қолдамай отыр дейсіз. Ал Қазақстан азаматтарының басым бөлігі оның сөзін қолдады. Елдегі пікір бойынша, қазақты қинаған мәселені Атамбаев халық аралық деңгейде айтып берді. Атамбаевтың сөзінің өтімділігі де сонда болып тұр. Әйтпесе біздің елдегі қиындықтарды екінің бірі біледі және бұл ас үйдегі әңгіменің негізгі тақырыбы. Әрине, Атамбаевтың сөзі саяси технологиялар амалымен айтылғанын көпшілік түсініп отыр. Дегенмен, оның айтқанын көпшілік қазақ теріске шығара алмайды.

– Атамбаев шындықты айтты. Қазақ стандағы жоғарғы билік өкілдері ел байлығын өзінің еліне бермей, тонап жатыр деді. Бірақ сол сөзі қателік болды. Осы сөзді кешіре алмай отыр деп ойлаймын сіздердің ел ағаларыңыз. Дипломатиялық тұрғыдан Атамбаев олай айтпауы керек еді.

 

– Қырғызстан экономикасы біздікінен кейін қалғанымен, сіздің елдің азаматтық бел сенділігі әлдеқайда жоғары екенін мойындаймыз. Соның құпиясы неде деп ойлайсыз?

– Адам факторында ең негізгі мәселе – денсаулық пен еркіндік. Денсаулығың болса, өзіңді еркін сезінсең, онда бәрі де болады. Ал денсаулығың болып, ер кіндігің жоқ болып, миллиардер болсаң да, сенің ақшаң өзіңе мұрат болмайды. Денсаулығың, ақшаң бар, ал еркіндігің жоқ болса, сен қапастағы құссың!

Біздің ең негізгі жетістігіміз – аза маттық қоғам құру мәселесінде басқа кеңес республикаларының алдына 20 жылға ұзап кеттік. Біз басып өткен жолды Қазақстан да бір күндері басып өте ді. Бірақ мәселе – қалай басып өтеті нінде. Біртұтас мемлекет болып сақта лып қала ма, әлде Украина мен Сирия ның тағдырын кеше ме, ондайдан Құдай сақтасын! Ондай жолды басып өтуді мен қазақ бауырларыма қаламаймын.

Байлық бүгін бар, ертең жоқ. Ал ел еркіндігі жағынан қырғыздар бақыт ты мыз. Біз еркіндік тұрғысынан өзгелерге үлгі бола аламыз. Сондықтан қазақ бауырларыма біздің жолдың қан төгіссіз үлгісін тілеймін!

 

– Бакиев пен оның туыстарының тағдыры не болды?

– Бұл дүниеде адам баласында тірі кезінде өз еліңе сыймай, қаңғып жүр геннен өткен бақытсыздық жоқ! Олар қолында болған мүмкіншілікті пайдалана алмай, қырғыз елінің қарғысына қал ды. Келешектегі тағдыры қалай боларын білмеймін, бірақ олар ешқашан Қыр ғызстанға келе алмайды деп ойлаймын. Олардың тағдырын өздерінен сұ рау керек. Қалай дегенмен, Қырғыз станға оралуына жол жоқ.

Тағы бір айтарым – қазақ елі мен қырғыз елінің арасын ешбір саяси лидерлер бұза алмайды. Мен Қазақстан хал қына разымын, қырғыз елін бір туған дай қабылдап, қай жерде болса да жомарттығын көрсетіп, келген қонағын төрге шығарып отырған елге разы болмау мүмкін емес. Келешекте қазақ пен қырғыздың бірлігі артады дегенге сені мім мол. Бізде мынадай бір жақсы сөз бар: «Сенің де бетің жалпақ, менің де бетім жалпақ, Алатаудың арғы жағы қалпақ, бергі жағы қалпақ, екі жігіт дос болсын Шыңғыс пенен Мұхтардай, екі халық дос болсын қырғыз бенен қазақтай». Достығымыз арта берсін!

 

– Айтқаныңыз келсін! Сұхбатыңызға рахмет!

 

Азамат

ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«D»

About Zika1961