Home » ОЙДАН-ҚЫРДАН » Жұлдыз ӨМІРҒАЛИ:ТАҒДЫРҒА ЖОРАЛҒЫ АЙТПАҢЫЗ

Жұлдыз ӨМІРҒАЛИ:ТАҒДЫРҒА ЖОРАЛҒЫ АЙТПАҢЫЗ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №43 (407) от 23 ноября 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

 


 

Жұлдыз Өмірғали әнші Айқынға ұзатылып жатқан видеосы пайда болғалы бері ел алдына шығып, сұхбат бермеген еді. Көпшіліктің сынынан көз ашпайтын әнші алғаш рет өзін сынағандарға жауап беріп, екі әйел алуға қатысты сұраққа жауап берді деп хабарлайды «НТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

 

«Екі әйел алады ма, алып үлгермей ме – ол жағын білмеймін. Екі әйел алуға келгенде біз араб елі емеспіз. Мұсылман елі болсақ та, біздің елде екінші әйел болу қабылдамайды. Instagram желісінде елдің бәрі анық-қанығын білмей, жаман пікірлер жазады, мен оған үйреніп те қалдым. Бірақ бір ашуыма тиген уақытта ол адамдарға жауап қайтарамын. Бәріміз пендеміз, ертеңгі өміріміз қандай болатынына кепіл бере алмаймыз. «Мен мынандай болмаймын, менің басымнан мынау өтпейді» деп айта алмаймыз. Себебі ертеңгі өміріңде қандай бұрылыс болатынын сен өзің де білмей қаласың. Жағымсыз пікірлерді жүрекке қабылдағым келмейді», – деді Жұлдыз.

Сондай-ақ ол «Кешью» тобынан кеткеннен кейін өзін-өзі жоғалтып алғанын айтты. «Алматыда бар-бар болып жүрміз. Біраз уақыт демалыс алдым. Топта жұмыс істеген кезде бәрі өз уақытымен болатын, дайын нәрсеге үйреніп қалыппын. Жеке шыққан соң сасқалақтап қалдым. Мейлі, ол әнге қатысты болсын, бейнебаян болсын. Қазір өзімді жинақтап, қандай ән, қандай бейнебаян түсіремін деп ойлап жүрмін», – депті Жұлдыз.

Еске салсақ, Жұлдыз Өмірғали – «Кешью» тобының бұрынғы әншісі. Бұған дейін әнші Айқын Төлепбергенге екінші әйел болып, бір ұлдың анасы атанды деген ақпарат тараған.

Nur.kz

About Zika1961

Добавить комментарий