Home » Апта аптығы » ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ халықтың ақшасын ҚАЙТАРА АЛА МА?

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ халықтың ақшасын ҚАЙТАРА АЛА МА?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №31 (395) от 31 августа 2017 г.

 

Апта аптығы

 

 


 

 

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры түйінді мәселеге арқау болған 40 миллиард 500 миллион теңгені қайтаруға тырысып жатыр.

 

Осы орайда өткен баспасөз мәслихатында БЖЗҚ басқарушы директоры Мәулен Өтеғұлов дефолтқа ұшыраған 21 эмитентке қатысты 40,5 миллиард теңгені қайтаруға ниетті екендерін айтты. «Қазақстан Қағазы» компаниясы эмитентіне қатысты сауықтыру шарасы жүргізіліп жатыр. Бұл эмитенттің номиналды құн бойынша қарызы 12,5 миллиард теңге болған.

Ал «Имсталькон» компаниясына қатысты сауықтыру шарасы тоқтатылып, банкрот ретінде тану үшін, азаматтық істі қарау басталды. Оның жалпы қарызы – 3,4 миллиард теңге.

13 эмитент бойынша БЖЗҚ-ның пайдасына қарызды қайтару туралы сот шешімі шығарылған. Номиналды құн бойынша жалпы қарыз 8,8 миллиард теңгеге жеткен. Осы ретте «Трансстроймост», VITA, GLOTUR, «Валют-Транзит Банк», «Қарағанды асбест-цемент өнімдері зауыты» банкрот деп танылды. Жалпы қарыз көлемі – 15,1 миллиард теңге. Жалпы қарызы 0,6 миллиард теңге болатын бразилиялық SAMARCO MINERACAO SA эмитентіне қатысты сотқа дейінгі реттеу шаралары жүріп жатыр.

Еске салайық, 1 тамыздағы жағдай бойынша, зейнетақы жинағының жалпы көлемі 7,27 триллион теңге болды. Оның көлемі жыл басынан бері 588 миллиард теңгеге артқан.

Sputnik Қазақстан

 

 

 


 

About Zika1961