Home » Дат|Каз » Қытайдағы қазақтарға КІМ АРАША ТҮСЕДІ?

Қытайдағы қазақтарға КІМ АРАША ТҮСЕДІ?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №38 (402) от 19 октября 2017 г.

 

 

 


 

 

Кеше Алматыдағы «Қазақстан баспасөз клубында» қоғам белсенділері мен оралман ағайындар бас қосып, Қытайдағы қандастарымыздың бүгінгі жағдайы туралы ащы шындықтың бет пердесін ашып берген баспасөз мәслихатын өткізді. Онда айтылған деректер мен дәйектер бойынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың нақты жағдайы ресми мәліметтерге мүлде қайшы келеді.

Осы баспасөз конферен циясының бір спикері, бел гілі журналист, қоғам қай раткері Марат Тоқашбаевтың айтуынша, Қытайдағы қандастарымыздың Қазақстанға емін-еркін келіп-кетуіне тосқауыл қойылған. Бұл жағдай 2016 жылы Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы (ШҰАА) басшылығына осыған дейін Тибетті басқарып, қатал міне зімен көзге түскен Чын Чуанго есімді басшы келгелі бері мүлде өршіген.

2017 жылдың басынан Қытайдың қазақтар тұратын аймағында тұрғын дардың шетелге шығатын төлқұ жат тарын жаппай жинап алып, олардың Қазақстанға шығуына тыйым салын ған. Қазақстанға туысқан шылап немесе турист ретінде саяхаттап барған қазақтар тергеуге алынып, қысым көрсетілуде. Оларды «саяси үйрену» орталықтарына жіберіп, кейбіреулерін қисынсыз жаламен бірнеше жылға соттап жатыр.

Қазақстанда оқитын жастарды кері шақырып, ары қарай оқуына тыйым салынуда. Қайтып оралудан бас тартқандардың ата-аналарына қысым жасалуда. Сотталғандардың қатарын да көзі ашық зиялы қауым өкілдері де, қарапайым малшылар да бар. Олардың алды 12-13 жылға, арты бір жылға жазықсыз жаза арқалап кетті. Бірқатары әлі үкім шықпағандықтан, түрмеде жатыр.

ШҰАА-да ислам дінін ұстанғаны үшін жазаға тарту да етек жайып барады. Бұрын Қытайдағы мұсылман дарға өздері тұратын өңірлерде мешіт-медресе салып, университет ашып берген өкімет аяқ астынан өзгеріп, өмір бойы имам болған, молда болған адамдарды уағыз айтып, Құранды насихаттағаны, жастардың некесін қиғаны үшін түрмеге қамауда. Тіпті таяуда екі имам түсініксіз жағ дайда мерт болды. Оларға қатысты «өзін-өзі өлтірді» деген қисынсыз қорытынды жасалған. Олардың мәйітін туыстарына ашқызбай, жудырмай, көміп болғанша арнайы жасақпен бақылап тұрған. Тіпті қазақтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына шектеу қойылып отыр.

Жасы елуден асқан Зейнолла Рақыжан «Қазақстан тыңшысы» деген айыппен 13 жылға, Жарқынбек Қа сым байұлы – балаларын Қазақстанға жібергені үшін 10 жылға, Дәуітхан Тергесіз – Қазақстанға көшпек болғаны үшін 12 жылға, Берікхан Доланхан – екі жастың некесін мұсылман жолымен қиғаны үшін 10 жылға, Салықұлы Сарқытжан – Қазақстан мен Түркияға қыдырып барып келгені үшін 10 жылға сотталып кетті. Бұл тізімде отыздан астам адам бар.

Қазақстанға көшуді ойлаған Арынғазыұлы Санат, Сағыныш Мейрамбекұлы, Серік Қалибек, Мейрамбек Бекен, Гүлзина Әуелхан сияқты азаматтар бірнеше айлардан бері қамауда зарығып жатыр. Медреседе оқыған немесе заңды түрде мешітте имам болып қызмет істейтін Досан Бейсенбекұлы, Оқан Имам, Нұржан Ахметжан, Қуаныш Имам, Кенжебай Әлихан, Нұрлыбай Қоң ырбай сияқты азаматтар алды 10 жыл, арты 4 жыл мерзімге сотталған.

Конференция спикерлері мәлім еткендей, Қытайдағы ағайынның басынан өткеріп отырған күні бұлыңғыр. Қытайға сөзімізді қазірден бастап жүргізе алмасақ, жоспарланып отыр ған қытай зауыттары салынғаннан кейін, олармен қандай дәрежеде сөйлесеміз деген сұрақ туындайды. Экономалық пайданы көздеп, бауырларын қиянатқа тастаған мемлекеттің елдігі де шамалы болу керек!

Азамат ДИМАШ,

«D»

About Zika1961