Home » Апта аптығы » ҚЫРҒЫЗСТАН НАРАЗЫЛЫҚ нотасын жолдады

ҚЫРҒЫЗСТАН НАРАЗЫЛЫҚ нотасын жолдады

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №34 (398) от 21 сентября 2017 г.

 

 

Апта аптығы

 

 


 

 

Қырғызстанның сыртқы істер министрі Қазақстанға қарсылық нотасын жолдады. Оған себеп – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыда қырғыз президенттігіне үміткерлердің бірі Өмірбек Бабановпен кездескені. Бұл жөнінде Қырғызстанның СІМ хабарлайды.

 

«Достық көңілдегі Қазақстан басшысы Қырғызстанның ішкі ісіне араласпайтынын айтса да, оның сөздерінен кімге артықшылық беретіні анық аңғарылып тұрды. Осы себеппен қырғыз тарабы бұл кездесуді қазақстандық БАҚ-тың кеңінен насихаттауын Қырғызстанның ішкі ісіне араласуы деп білеміз», – делінген нотада.

Ескерте кетейік, 19 қыркүйекте Қазақстан президентінің ресми сайтында Назарбаевтың Алматыда «Республика – Ата-Жұрт» фракциясының лидері Өмірбек Бабановпен кездескені туралы ақпарат жарияланды. Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткердің бұл әрекетіне әзірге түсініктеме бере алмайтынын мәлімдеген. «Комиссия бұл мәселені тексереді, кездесу сайлауға қатысты болды ма, жоқ па – анықтайды. Сосын бағасын береді», – деді ол.

Azattyq.org

About Zika1961