Home » Дат|Каз » ҰЯТСЫЗ МОЛДА

ҰЯТСЫЗ МОЛДА

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

 

Уақыт уыты

 


 

 

Ата-анаңыз – мұсылман, өзіңіз агностик болған қиын ғой жалпы. Әр кез сайын падазривайт етіп қалмасын деп, арабша мәтін оқып жатқанда, екі алақанды қосып, бетті сипайтын бір ритуалдар бар ғой: соны жасауға, сырты алтын жалатылған, төбесінде жарты айы бар, ішінде сақалдарының ұзындығы әбүройларына дейін саудырап өсіп тұратын мифтық персоналар отыратын, миллиондаған галактикаларды, ғаламды жаратқан құдіреті шексіз күш иісін қамап қоятын төрт қабырғалы ғимараттарға барып, олардың түсініксіз тілдеріндегі «трек»-ті тыңдауға тура келеді (хотя я предпочитаю рок).

 

Осы жолы да еріксіз мамамен бірге барған едім. Үсті-басы (иегі ғана емес) жүннен көрінбейтін, қарыны қабақтай, беті алты гектар, ақ кардиган, то есть шапан жамылған молда отыр екен. Тамағын жыртып, гүр-гүр етіп, оқитын нәрсесін оқып болған соң, менің ораза ұстап-ұстамайтыныма қызығушылық танытты. «Менің бір ай аш жүргенімнен кімге пайда?» дегенім сол еді, жерден алып, жерге салды. Мамаға қарап: «Қызыңыз сектаға кіріп кеткен, қайда қарап жүрсіз, дереу арада миын вирустардан тазарту керек, маған хотя бы аптасына бір рет келіп жүрсін, дін туралы білім берем», – деді.

«Ну и ладно, одан да бір пайдалы ақпарат алып қалармын, расымен, дінді мен дұрыс түсіне алмай жүрмін ғой, тырысып көрейінші» деген оймен бұған да келістім. Ертеңінде басыма орамал тағып, әдетте бұттан шешпейтін бір жапырақ белдемше мен жыртық джинсының орнына ұзын етек көйлек киіп, есі дұрыс қыз боп, имаммен кездесуге бардым.

Сондағы ең алғашқы сұрағы: «Бұл бейшара халге қалайша түстің?».

«Самооценкаммен» проблемалар бар екені рас енді, бірақ мына сақалдың сұрағы онсыз да өлудің ар жақ-бер жағы болған «альтер эгомды» совсем жертөлеге бірден түсірді.

Ары қарай кәдімгі сапасыз пікір алмасу сәті. Бірақ сұрақтарыма алған жауап – тояттанбай қалған әйелдей болды. Ақымақ сұрақтарыма жауап іздеп шаршаған имам ағай: «қызсың ба?», «неше жігітпен жақын қатынастың?», «қашан тұрмысқа шығасың?», «күніне неше рет саусағыңды тығасың?» деп, жекеге көше бастады.

Жоқ, маған бәрібір, бұндай интимді сұрақтар еш ыңғайсыздық тудырмайды, комплекссіз адаммын ғой. Барлығын «как ана есть» айтып бердім. Мәнсіз өткен сұхбаттан зықым шыққан соң, телефонның қоңырауын сылтауратып кетіп қалдым.

Молда түні бойы ватсапта жазып шықты, аудио видеозвоноктар жібереді. Латынша «kezdese alamyz ba, Dina hanym, manyzdy angimen bar edi ozinizge» деп, «смс»-тер жолдаған соң, «әй, бара салайыншы для прикола, не дейді екен» дедім де, екінші свиданиеге кеттім.

Кездесу орны сол мешіт (неке залы). Өзінің Қаратау деген ауылда мал шаруашылығы, «Тойота-40»-ы және әйелі мен екі қызы бар екенін айтты. Қара денесіне жабысқан ақ көйлектің жоғарғы үш түймесін ағытты да, ішінен жарыққа ұмтылып тұрған қалың жүндерімен жел-желп еткізіп, табақтай аналдық мүшесімен жаныма келіп отырды. Амбалдай қолын тіземе қойып, екінші қолымен таспихын тарта отырып, тоқалы болғанымды қалайтынын айтты.

«Қобып» кеткенім рас, бірақ сыр білдірмедім. Иманды жанның арсыздығының шегін өлшеп көрейін деп: «Мен әлі кішкентаймын ғой…» дедім сызыла. Он тоже қопты: «Қайдағы, он тоғыздасың, неке жасына жеттің, ер азамат керек саған!» деді.

Ішімнен: «Да ну, нақұ, маған не керектігін сен қайдан білесің, бұтақбас, маған сапалы білім керек, лайықты жұмыс керек, «Майами-бичтен» пәтер керек, блә!» деп айтқым келді.

Но, кейде өзіңді ұстап қалған да артық етпейді ғой. Қысқасы, пайғамбардың мұндай ізбасарының жанында отыруға өзімді лайықсыз көрдім де, тайып тұрдым.

Күнде хабарласып, мезі етті. Блокировкаға қойып тастасам, ол бөтен нөмірмен звондайды. Керекті органдарға, журналисттерге бұл жайлы хабар беруіме болар еді, әрине. Бірақ барлығын Құдай болмаса да, бір тылсым жаратылыс күші көріп тұр ғой, өзі айналассын дедім де, қоя салдым.

Осыдан кейін діншілдерге қалай сенесің, лібә?!

Диана Кейдің ФБ-парақшасынан

 

 

 

 

НЕГЕ «дін – апиын» ДЕЙДІ?

 

Мешіттер саны көбейген сайын, санамыз сарқылып, тілімізден жаңыламыз, азанның дауысына елітіп, қобыздың үнінен безетін боламыз. Жазбай осы бетімізбен кете берсек, әбден арабқұлданып, бір күні (ол күн де жарықтың жылдамдығымен жақындап келеді) қазақ боп туғанымыз үшін өзімізді қор санайтын күйге жетеміз. Бұдан кейін, қай данышпан айтса да, «дін – апиын» деген екі ауыз сөзге сенбей көр…

 

Арабтың бір ауыз «шүкір» сөзін айта-айта астымыздағы ата-бабадан аманат етілген жерімізді сатуға көнетін күйге түстік. Жер алыс-беріс объектісіне айналып, банктерге кепілдікке қойылатын болғаннан кейін (оның да күні жарықтың жылдамдығымен жақындап келеді), мемлекеттік тәуелсіздігіміз де девальвацияға ұшырап, өзінің бас бостандығы мен еркінен тұлданған қазақ деген халық атымыз ғана қалады. Кейін тарихтың қойнауында о да жоқ болады.

Дін, міне, бізді осындай күйге түсіріп отыр. Түңілген кісінің сөзі деп қабылдамай, осы айтылған сөздерімнің терең мәнісіне бойлап, саралап көріңіздерші, өтініш! Бәлкім, коррупция мен әсіредіншілдіктің ұлттық мемлекетіміз үшін қандай зиян келтіретінін түсініп, одан қорғануға бір әрекет ету үшін бірлікке келетін болармыз?!

Марат УАТҚАН

 

 

 


 

About Zika1961