Home » Дат|Каз » Той тек дүрмекпен ӨТПЕСІН ДЕСЕК…

Той тек дүрмекпен ӨТПЕСІН ДЕСЕК…

 

Биыл Қазақ хандығының  құрылғанына 550 (бұл жайлы да әртүрлі пікір қалыптасты) жыл, екінші жаһандық соғыстың аяқталғанына 70 жыл, Ата заңымыздың қабылданып, Халықтар Ассамблеясының құрылғанына 20 жылдай атаулы мерекелері қатар-қатар келіп отыр. Осы ауқымды мерекелер аз ғана ат төбеліндей ақ жағалылардың қуанышты көңіл көтерер ішіп-жемдеріне айналып кетпесе екен дейміз?

Дегенмен, басында Шу ауданында тойланатын болған Қазақ хандығының 550 жылдығы енді Таразда өтетіндігі бізді қынжылтады. Тарихтан белгілі болғандықтан, Шу бойы мен Қозыбасы деп анық жазылған ғой. Сол себептен Шу өңірінде Керей ханның ескерткішін орнатып, Шу қаласы, Шу ауданы, Шу өзені деп қайталана беретіндіктен, ауданға да есімі берілсе. Ханның тауы орналасқан Мойынқұм ауданы Жәнібек ханның есімімен аталса, аудан орталығы Мойынқұм деп аталатындықтан. Ал Керей ханның Хан тауында жерленгені рас болса, көрікті кесене орнатылса.

Сондай-ақ Шу мен Мойынқұмдағы тозығы жеткен жолдарды қалыпқа келтіріп, ғылыми конференция мен ақындар айтысы өткізілсе. Мемлекет тарапынан, яғни халықтың қалтасынан 550 жылдыққа деп бөлініп жатқан 20 миллиард теңге қаражат осындай игі мақсаттарға жұмсалуы керек қой. Ертедегі тас пен қола дәуірінен сыр шертетін Жайсан алқабы мен Түркі қағанатының мәдени орталығы болған Баласағұн қаласы орналасқан Шу бойы мен Хантауында басталған той Астанада өрбіп, Павлодар, Өскемен қалаларында жалғасын тапса. Интернет желісінде де қозғалып жатқандай, Павлодар қаласына – Керейдің және Рудныйға – Жәнібек ханның есімін берсе, жарасып қана қоймай, Путин, Лимонов, Жириновский тектестердің аузына құм құйған болар едік.

Алтай Мырзаханов,

Ерсіман Абсаматов,

Манат Аміров,

Шу ауданы

About Zika1961