Home » Апта аптығы » ТЕРГЕУ ТОҚМАДИДЫ ТҰҚЫРТЫП ТЫНДЫ

ТЕРГЕУ ТОҚМАДИДЫ ТҰҚЫРТЫП ТЫНДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №33 (397) от 14 сентября 2017 г.

 

Апта аптығы

 


Бұдан бұрын белгілі болғандай, Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша, түрлі айыптау желеулерімен қамауға алынған «ҚазҚұрылысӘйнек» компаниясының басшысы Мұратхан Тоқмади кінәсін мойындау туралы келісім жасауға ниет білдірген екен.

 

«5 қыркүйекте М.Тоқмади кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде прокурормен процессуалдық келісім жасау туралы ниет білдірді. Оның өтініші процессуалдық прокурормен тексерілуде, сосын мәміле жасау мүмкіндігі туралы мәселе қаралатын болады», – делінген сейсенбіде прокуратура сайтында жарияланған хабарда.

Ал дәл осы хабардан бір күн бұрын Жәмилә Айымбетова-Тоқмади «Фейсбук» желісі арқылы өзінің жұбайы Мұратханды «қылмысын мойындату» әрекеттері жүріп жатқанын мәлімдеген еді. Жәмилә ханым бұл бейне-мәлімдемені «ОБСЕ» кеңсесіне келіп, халықаралық ұйымнан араша сұрайтынын қоса хабарлаған болатын.

Бұған дейін күдіктінің қорғаушылары А.Оралбай мен Д.Өтебеков істі құпия жүргізу жөніндегі құжатқа қол қоюдан бас тартқандары үшін қылмыстық-процессуалдық заңнама талаптарын орындамады деген желеумен адвокат ретінде іске араласудан шеттетілген еді. Міне, қорғаушыларының көмегінен айырылған М.Тоқмади ақыр соңы «өз қылмысын мойындаған» болып шықты.

Еске сала кетейік, қос адвокат істен шеттетілген сәттен бастап, күдіктінің мүддесін тергеу тобы тағайындаған адвокат Э.Сұлтанов «қорғаған» болатын. Жәмилә Айымбетова бұған дейінгі бейне-мәлімдемелерінде айтқандай, қинау мен қысым көрсетулердің нәтижесінде ақыр соңы Мұратхан Тоқмадиды тергеушілердің тұқыртуы өз «жемісін» берген сыңайлы.

Ал кеше ҚазТАГ хабарлағандай, Мұратхан Тоқмадиді қамауда ұстау мерзімі осы жылғы қарашаның 12-сіне дейін ұзартылды. Бақылаушылар мен тәуелсіз адвокаттардың айтуына қарағанда, осы мерзім аралығында тергеу тобы Тоқмадидің «мойындауын» құжат жүзінде рәсімдеп бітуі тиіс.

 

 

 

 

About Zika1961