Home » Апта аптығы » Темірхан МЕДЕТБЕК, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Темірхан МЕДЕТБЕК, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №38 (402) от 19 октября 2017 г.

 

Апта аптығы

Алдаспан

 


 

ҮРЕЙ

 

Өрттей тұтанды –

Қайдағы-жайдағы…

Бір елді түп-түгел

Үрей жайлады.

 

Үміттің

Күні тұтылды.

Әлдене құтырды.

Әлдене жұтылды.

 

Аспандағы бұлттар –

О, тоба,

Ақырын бере гөр,

Жұрттың

Тас төбесінде

Бірде сатырлап,

Бірде күтірлеп,

Сеңдей көшті!

Түрі де,

Түсі де сұп-сұйық

Қауесет сөз біткен

Желдей есті:

Еліңнің

Қазына-байлығын

Басып алыпты.

Қарсы келгендерді

Қылтадан қиып,

Басын шауыпты…

 

Сонан кейін-ақ

Сол елге Үрей үстіне

Үрей кірді.

Бір әлемет

Дүлей жүрді.

 

Сол бір Дүлей

Басын

көтергендердің –

Басынан ұрады.

Жанын

Көзіне көрсетіп,

Тізесін батырып,

Кеудесін сығады.

 

Міне, тағы да –

Ел-жұрттың алдында

Біреуді

Қамырдай иледі,

Біреуді

Ағаштай сүйреді.

Үміт үзілді,

Сенім күйреді.

Ақырында

Сол елді –

Тізесін дірілдетіп,

Белін бүктірген

Бордай үктірген –

Ұлы мәртебелі

Үрей биледі!

 

… Сол ел –

Біздің ел емес пе?!

 


 

About Zika1961