Home » Апта аптығы » ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕН БҰРЫН Жаңа жылға дайындық басталды

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕН БҰРЫН Жаңа жылға дайындық басталды

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №43 (407) от 23 ноября 2017 г.

Апта аптығы

 

 


 

 

Жаңа жылдың алдында болатын Тәуелсіздік күніне тыңғылықты дайындалмаса да, келер жылды кемсітпей қарсы алуға әкімдіктер кірісіп кеткен. Мәселен, Жаңа жыл қарсаңында Атырау көшелері 89 миллион теңгенің әшекейлерімен безендірілмек деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

 

Мұнайлы аймақтан қарағандылықтар да қалысар емес. Олар желтоқсандағы мерекелер үшін барлығы 100 миллион теңге бөліп отыр. Оның 40 миллионы Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік мерекесін тойлауға жұмсалмақ екен.

«Ал жаңажылдық безендірулер үшін 60 миллион қарастырылды. Біз бұл ақшаға негізгі элементтерді жаңартпақшымыз. Оның ішінде ұзындығы 25 метрлік шырша алу да жоспарланып отыр. Жалпы мыңға жуық диодты шам алынады», – дейді Қарағанды қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы Данияр Кәрібаев.

Ал әкімдіктердің ішінде әзірге қаражат бөлу жағынан өзгелерден оқ бойы озық тұрғаны – Алматы әкімдігі. Ондағылар желтоқсандағы барлық мерекені тойлау үшін 630 миллион теңге бөлген. Бұл қаражатқа 260 шақырым гирлянда мен 7000-ға жуық әшекейлер алынады екен.

About Zika1961

Добавить комментарий