Home » Апта аптығы » ТҮРМЕДЕГІ МАКС АШТЫҚШАРАСЫН ТОҚТАТТЫ
070417_0705_1.jpg

ТҮРМЕДЕГІ МАКС АШТЫҚШАРАСЫН ТОҚТАТТЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

 

Апта аптығы

 

Тар жол, тайғақ кешу

 


Петропавл түрмесіне қамалған Макс Боқаев 16 күн бойы жариялаған аштығын тоқтатқаны жөнінде кеше оның туысы Ақмарал Кебенқызы әлеуметтік желіде хабарлады. Оның айтуы бойынша, Макс кез келген уақытта өз еркімен наразылығын жалғастыру құқын пайдаланатынын ескерткен. Бүгінгі күні ол түрме емханасының бақылауында жатыр.

 

Еске салсақ, жерін қорғап, кейіннен нақақ жаламен сотталған атыраулық белсенді Макс Боқаев өзін Атыраудан Петропавл түрмесіне ауыстырған Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (КУИС) әрекетін заңсыз деп санап, оған қарсылық ретінде маусымның 9-ынан бері аштық жариялаған еді.

Адвокаты әрі қарындасы Жанар Боқаева осы жағдайды растап, ІІМ «КУИС»-тің қысымшылық жасау әрекетіне байланысты сотқа шағымданғанымен, Астанадағы Алмалы аудандық соты оны қанағаттандырмағанын, Максты Атырау түрмесінен Петропавлға ауыстыруға негіз болған құжатты «құпия» деп таныстырмағанын айтқан еді.

Макс аштық жариялап жатқан кезде бір топ алматылық қоғамдық белсенділер оның акциясына қолдау көрсетіп, түрмедегі азаматтың аштығына қосылған еді. Алматыдағы Макстың жанашырлары – Рамазан Есергепов, Жәзира Тоғанбаева және Сайлау Лепесов бастаған белсенділер Максқа демеу ретінде саяси аштық шараларын өткізді. Бұл орайда олар әлеуметтік желіде: «Нұрсұлтан Әбішұлы, Макстың қойған талаптарын орындаңыз!» деген талап қойған болатын.

«D»

 


 

About Zika1961