Home » Апта аптығы » Түркістандық 60 отбасы СОЛТҮСТІККЕ КӨШЕДІ

Түркістандық 60 отбасы СОЛТҮСТІККЕ КӨШЕДІ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

 

Апта аптығы

 

Бәрекелді!

 


Түркістандық 60-тан астам отбасы Солтүстік өңірге қоныс аударуға ниет білдіріп отыр, – деп хабарлады ОҚО әкімінің ресми сайты.

 

Хабарда айтылғандай, жұмыс күші мол облыстардан жұмыс күші тапшы аймақтарға жұмысшы тобын тарту мақсатында жуырда солтүстік өңірден арнайы делегация келіп, түркістандық тұрғындармен жеке-дара кездесулер өткізді. Нәтижесінде, көшіп-қону кезіндегі жәрдемақылардың дер кезінде төленетініне және жұмыспен қамтылып, баспаналы болатынына көз жеткізген 60-тан астам отбасы қоныс аударуға ниет білдірген.

Қоныс аударушыларға мүмкіндік зор. Қызметтік тұрғын үй болмаған жағдайда, азаматтың коммуналдық төлемдері мен басқа да шығындары өтеледі. Субсидия көлемі Екібастұз қаласына баратындарға 25 айлық есептiк көрсеткiшпен есептелсе, Железинск ауданында 40 мың теңге көлемінде. Арнайы келісімге сәйкес, 5 жыл бойы бүкіл қажеттіліктер қамтамасыз етіледі.

«Осы бағдарлама аясында біз бұл отбасыларға 35 айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша субсидия ұсынамыз. Ол әр отбасы мүшесіне 79 000 теңгеден деген сөз. Сондай-ақ қызметтік тұрғын орын немесе үй беріледі», – деді Екібастұз қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Д.Құрымбаева.

Айта кетейік, Солтүстік аймақта дәрігерлер мен фельдшерлер тапшы. Сонымен қатар, педагогтар мен ал ауыл шаруашылығы мамандары: механизатор, тракторист сынды жұмысшы тапқа да сұраныс жоғары.

ҚазТАГ

 


 

About Zika1961