Home » Дат|Каз » Шығыс ғылымын құртқан – АРАБ БАСҚЫНШЫЛАРЫ

Шығыс ғылымын құртқан – АРАБ БАСҚЫНШЫЛАРЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №45 (409) от 7 декабря 2017 г.

 

Айтпақшы

 


 

VII ғасырдың бас кезінде жаңа дін – ислам діні пайда болады. Осы дінді таратуды сылтау етіп, бір қолына құранын, екіншісіне қылышын ұстаған арабтар бір жарым ғасыр шамасында-ақ солтүстік-батыс Үндістанды, Персияны, Орта Азияны, Мысырды (Египетті), Шамды (Сирияны), Африканың солтүстік жағалауын, Пиреней түбегін, тағы басқа да көп территорияны жаулап алды. Осы негізде үлкен мемлекет – халифат құрылады. Халифаттың орталығы әуелі Мекке қаласы болып, соңынан Меккеден – Дамаскіге, кейіннен Бағдатқа келтіріледі.

 

Ғылым, мәдениет Батыста құлдилап, орта ғасырлық тұйыққа тірелген кезде Шығыс елдерінде, әсіресе Орта Азияда келешек ұрпақ үшін ғылымды онан әрі дамыта түскен ірі ғылым қайраткерлері өмір сүрді. Ғылыми еңбектерінің көпшілігін сол кезде Шығыс елдері үшін ортақ тіл ретінде саналатын араб тілінде жазғандықтан, олар соңғы кезге дейін араб оқымыстыларының санатына қосылып келді. Шын мәнісінде араб ғылымы көптеген халықтың, көп ұрпақтың бірнеше ғасырға созылған коллективтік-творчестволық еңбегінің нәтижесінде туып, қалыптасты. Біз араб ғылымы деген атауды осындай кең мағынада түсінеміз.

Алғашқы кезде араб басқыншылары жаулап алған елдерінің ғылыми және мәдени мұраларын беталды қиратып, талқандайды, «кәпір» білімпаздарды өлтіріп, қуғынға ұшыратады. Діни және саяси мақсаттан туған бұл қаталдық әсіресе Орта Азияда күшті болды. Орта Азиядан шыққан ұлы ғалым Әбурайхан Бируни (973–1048) өзінің «Өткен ұрпақтар ескерткіштері» деп аталатын еңбегінде былай дейді: «Кутейба (араб қолбасшысы – А.К.) Хорезм жазуын білетін, тарихын меңгерген және ғылымын үйрене алатын адамдарды құртып жіберді, ол тарихтың жасырын, жабық қалғаны соншалық, хорезімдіктер туралы ешнәрсені дәлме-дәл білу мүмкін емес».

(Көбесов А. Әл-Фараби. «Қазақстан» баспасы, Алматы, 1971. – 26–27-беттер)

 

Арман ӘУБӘКІР

 

 

 

Себебін кім біледі?

 

Қазақстан жастары НЕГЕ елден кеткісі келеді?

 


 

«Қазақстан жастарының 40,4 пайызы басқа елдерге кеткісі келеді» деп мәлімдеді өткен сәрсенбіде Астанада «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері. Орталық «Қазақстан жастары-2017» баяндамасын дайындау үшін зерттеу жүргізген екен.

 

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты орталық қызметкерлері сауалнамаға жауап бергендердің 59 пайыздан астамы «Қазақстаннан көшкім келмейді» немесе «Қазақстаннан кеткім келмейді» деп жауап берген.

«Жастар» орталығының ақпараты бойынша, Қазақстанның түрлі аймақтарындағы 14–29 жас аралығындағы екі мыңнан астам адамды қамтыған зерттеу Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жүргізілген. Орталық зерттеу жүргізуге жұмсалған қаржы көлемін айтпады, бірақ «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қызметіне жыл сайын 200 миллион теңге бөлінетінін хабарлады.

Орталықтың бас сарапшысы Фарида Мұстаева «Қазақстан жастары-2017» баяндамасын таныстыруда жастар саны кәдімгідей азайып бара жатқанын айтты. Оның сөзінше, 2014 жылы Қазақстандағы жастар саны 4 293 353 адам болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 3 994 464-ке кеміген.

Баяндамада 2017 жылы жастар арасында 339 өз-өзіне қол салу оқиғасы тіркелгені, жол-көлік оқиғаларында 250 жастың қаза тапқаны және қан айналымы жүйелері ауруларынан 141 жастың қайтыс болғаны айтылды.

Ғылыми-зерттеу орталығы қызметкерлерінің сөзінше, жастар туралы баяндама тұжырым және ұсыныстарымен бірге министрлікке жолданады.

Abai.kz

About Zika1961