Home » Апта аптығы » ШЕКАРАДА ТОНАЛҒАН жесір анаға қатысты сот өтеді

ШЕКАРАДА ТОНАЛҒАН жесір анаға қатысты сот өтеді

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №20 (384) от 25 мая 2017 г.

 

Апта аптығы


 

 

Осы жылдың 8 ақпаны күні Қытайдан Қазақ Еліне көшіп келе жатып, «Майқапшағай» (ШҚО) кедендік бақылау бекетінде 59,900 АҚШ доллары кеденшілер тарапынан тәркіленген жесір ана Гүлжан Мәуітханқызына қатысты апелляциялық сот отырыс 1-ші маусым күні Өскемен қаласында өтеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 

Қазақ қоғамында зор дүмпу тудырған атышулы бұл оқиғаға күллі жұрт назар аударып отырғаны белгілі. Әсіресе, өзге елдерден атажұртқа оралуды мақсат еткен сан мыңдаған қандастардың осы оқиғадан соң, буулы теңдерін қайта шешіп, ойланып, қорқақтап қалғаны жасырын емес.

«Апелляциялық сот оңтайлы шешім шығарып, өз ақшамды өзіме қайтарар деп үміттенемін. Ал, ол ақша қолыма тимесе, екі балам мен келінімді, інімді, оның бала-шағасын қосқанда 8 адам баспанасыз, тиынсыз далада қалғалы тұрмыз», – дейді жесір ана.

Baq.kz

 

 

Айтпақшы

 

Гүлжан апайымыз Қазақстанға келіп, әділетсіздіктің, рухани тоғышарлықтың құрбаны болып отырған жан. Бала-шағасын елімізге барып күн көреміз, осы жақта немере сүйемін деп, бүкіл өмірін соған арнаған ананы Отаны тонап, бір тиынсыз, далада қалдырып отыр! Сонда арғы беттегі басқа біздің қандастар не ойлайды? Бізге бүйрегі бұрыла ма?

Бұл мәселенің мемлекеттің имиджіне кері әсерін бөлек әңгіме! Бүкіл Қытай ақпарат құралдары «біз ақшасымен жіберген қазақ әйелін қазақтар тонап алыпты десе», мемлекеттің бет-әлпеті қалай болады?

Құқықтық аспекті мүлдемге сорақы! Құзырлы органдар ол кісілерді 25 күн Зайсаннан шығармай, алдап-арбап, өздеріне қажетті құжаттарға қол қойдырып алған! Не кириллица білмейтін, не орысша білмейтін жандарды жылан тәрізді қорқытып, дөрекілік көрсетіп, бүкіл құжаттарды қайтадан жазып отырған!

Бұл жерде мымандай кілтипан бар. Прокуратура сотқа істі жіберген кезде, Қазақстан Республикасының атынан жібереді. Сонда бір-екі өкіл жесір қазақ әйелге бүкіл мемлекетті қарсы қойып отыр!

Ал, мемлекетке ешқандай нұқсан келген жоқ. Ешқандай контрабанда жоқ. Ол кісілер сол соманы ашық алып келсе, бір тиын салық төлемейді. Өйткені заңда салық төлеу қарастырылмаған! Тек декларация толтырып өте бересің. Қандай тасбауырлық, рухани құлдырау! Бас прокуратураның құлағына жетеді деп ойлаймын!

Ерлан Сайыровтың ФБ-парақшасынан

 

 


 

About Zika1961