Home » Дат|Каз » ШАҢЫРАҚТА ШЫРҚАЛҒАН ӘНДЕРШАР ТАРАПҚА ТАРАЙ БАСТАДЫ

ШАҢЫРАҚТА ШЫРҚАЛҒАН ӘНДЕРШАР ТАРАПҚА ТАРАЙ БАСТАДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

 

Ана бақыты

 


 

Аспанға қарап не ойлады екен осы мезет? Әлде әдемі әуен естіді ме? Мүмкін, рояльдің қақпағы құлап кетпес пе екен деп қорықты ма? Әйтеуір, көзі бақырайып, шығармасын ойнап шыққаны есімде. Бұл Димаштың 5 жастан асқан кезі, нотаны тез жаттап алатын, сабақ ұнамай бара жатса, аспаптың астына кіріп алып, шықпай қоятын. Ұстазы Дина Ниязова апайына бар әңгімесін айтып, арасында ойнап, арасында тамақ жеп, сабағынан әйтеуір өзі риза болып, апайын мәз қылып шығып келе жататын.

 

Міне, бүгін сол Димашымыз елінің алдында, жұртының тілегінде. Шүкір, өзі айтқандай, «бастауы» жаман емес. Бүгінде Астананың төріндегі өнердің ұстаханасы – «Шабыттың» студенті. Сабағы мен сахнасын қатар меңгеріп, ұстаздарын да, көрерменін де қуантып келеді. Әлем назарын тіккен ЭКСПО аясында Елордада тұңғыш рет жеке концертін берді. Иығына үлкен жүктің, зор жауапкершіліктің артылғанын сезіп, күн -түн демей, бұл концертке дайындық жасады.

Әрі қуанып, әрі уайымдап жүргенін көзінен ғана аңғардық. Сыр бермейтін мінезі өзімізге мәлім.

Тек қана аман болсын! Ғұмырлы болсын! Өзі айтқандай, бұл – «Бастау» ғана! Өзінің шаңырағында шырқалған әндері шартарапқа тарай бергей!

Света АЙТБАЕВА

 

 


 

About Zika1961