Home » Гвоздь номера » САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН құрбандарын зерделей алдық па?

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН құрбандарын зерделей алдық па?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №38 (402) от 19 октября 2017 г.

 

100 жылдық тарих: даңқ пен дақпырт

 


 

Бұдан бір ғасыр бұ рын үш ірі тарихи оқиға болды. Алғашқысы – жоғалтқан мемлекет тігімізді жаңғыртуға саяси мүмкіндік ашқан Ақпан революциясы. Екіншісі – сол мүмкіндікті жүзеге асыру жолын белгілейтін Құрылтайшы жиналыс шақыруға тиіс Уақытша үкіметті биліктен қуған Қазан төңкерісі. Үшіншісі – Алаш-Орда атауымен елдік шаңырақ көтерген Желтоқсан съезі.

 

Бұлардың ішіндегі біз үшін айрықша маңызды мереке – отаршылдар жой ған мемлекеттілігі міз дің қайта түлеуіне ір гетас қалаған Алаш-Ор даның 100 жылдығы.

25 қазанда құрылған орталық совет үкіметі ұлт тық қозғалыстардың бәрімен уақытша, ағым дағы жағдай талабын ес кергендіктен, тактикалық тұрғыдан ғана санасқан еді. Мәселен, Петроградта жұмыс істеп тұрған Ресей мұсылмандар одағы ның атқару комитетін – Икомусты – большевиктік билік тез-ақ керексіз етті. Икомус төрағасының ор ын басары лауазымында Ресей Республикасының уақытша заң шығару органы Предпарламентке мүше болып, болашақ мемлекеттік құрылымды анықтайтын заң жасасуға қатысып жүрген Жанша Досмұхамедов бұған ті ке лей куә болған. Совет үкіметінің төңкеріс арқы лы дүниеге келуі мен оған қарсы шапшаң бой көр сет кен әрекеттерді, жалпы сол кезде орын алған күрделі саяси жағдайды Жанша «орыстардың өз ара ырылдасуы» деп ба ғалаған-тын. Сондықтан да ол Орынборда өткен Екінші жалпықазақ съез ін де «орталықтан бермен лықсыған анархияға тос қауыл болу үшін» Қазақ автономиясын шұғыл жариялауды талап ету ші лер дің басында тұрды.

Дегенмен, Совет өкі метінің билікте бекем тұ ратыны аныққа айналған шақта, 1918 жылғы ақ пан да, Орал қазақтары съе зінің шешімімен арнайы делегацияны Жанша «Алаш-Орда» Халық кеңесінің мүшесі ретінде Мәскеуге бастап барды. Оның совет үкіметі басшыларымен жүргізген тұң ғыш келіссөзі біршама сәтті өтті. Ұлт істері жө ніндегі комиссариаттан қазақ бөлімі ашылатын болды, халық комиссары Сталин Семейдегі Әли хан Бөкейханов бастаған Алаш-Орданың басшыларын төте желіге шақы рып, тікелей сөйлесті. Ор ал облысындағы земство мекемелерінің жұ мыс тарын жалғастыра беруге Совнаркомның ар найы қаулысымен пұр сат берілді, облыстағы Ал аш-Орда құрылымын советтік платформаға кө шіру үшін делегацияға қомақты қаражат бөлінді.

 

Бірақ соның артынша «Правда» газе тінде Сталиннің жер-жер дегі кеңестік билік өкіл деріне арнаған нұсқау-хаты шықты. Онда совет негізіндегі автономия ға на мойындалатыны, сон дықтан еңбекші бұқара ның «буржуазия қайрат керлерін» – «өздерінің дос мұхамедовтерін» – мойындарынан түсіріп тастауға тиістігі тұжы рым далған еді. Сол се бепті Алаш-Орда батыста да, шығыста да ақтармен одақтасуға мәжбүр болды. Мәселен, 1918 жыл дың көктемінде респуб ли калық режимде жұмыс істейтін Ойыл уәлаяты құрылып, қызметін Алаш-Орданың Батыс бөлім шесі ретінде жалғастыр ды. Кеңестік билік өкілде рімен азамат соғысының соңына қарай келісім жасап, күллі құрылымымен, әскери күшімен Совет өкіметі жағына өтті.

Сөйтіп, Алаш-Орда бір жола тарқады. Ұлттық қозғалысқа қатысушы лар ға амнистия жария ланғандықтан, елдік ойға адал ұлт қайраткерлері енді қазақтың мемле кеттілігін таптық негізде түлету үшін күресті. Алайда Алаш-Орда ұзамай «контрреволюциялық ұйым» деп ғайбатталды да, құпия қызмет қолдан қиыстырған жаламен, алашордашылардың алғашқы топтары 1928-32 жылдары тұтқынға ал ынып, репрессияланды, ал 1937-38 жылдарғы «Үл кен террор» кезеңінде алашшылдар да, Алаш идеясын жүректе ұстап, ел мүддесі үшін еңбек еткен ұлт коммунистері де жаппай саяси қуғын-сүр гінге ұшыратылды.

Бүгінде мұның басты себебін анық айта аламыз. Біріншіден, большевиктер партиясы қатаң орталықтандырылған им периялық партия еді, сон дықтан да ол ұлттық белгілерге қарай дербес тену ықтималдығын қа пе ріне де алмайтын. Екін шіден, жұмысшылар партиясы аталып құрылған бұл саяси ұйымның жалаулататын басты құжаты – «Коммунистік партияның манифесінде» «жұмыс шы ларда отан жоқ» деп ап-айқын жазылған. Осы екі жәйт сабақтаса келе пайда болған «Дүние жү зінің пролетарлары, бірі гіңдер!» деген ұран күні кеше Совет Одағы құла ғанға дейін күшінде тұр ға ны мәлім.

Әлемдік революция жасау жоспарының жүзе ге аспайтынына сонау 20-жылдары-ақ көздері жеткендіктен, большевиктер осы ұранмен бұ рынғы империя аума ғын дағы халықтарды бірік тіріп-тұтастыру ісін бір ден қолға алған. Ұлттық құрылымдардың советтік тұғырда ұйысуына тек тактикалық есеппен ғана пұрсат беріп, барша қос паны таптық тұрғыдан бірік тіріп-тұтастыратын цемент есебінде орыс хал қын, оның тілі мен өмір салтын алға шы ғар ған. Сондықтан да кеңес тік автономияларды боль шевизм арнаулы құпия қызметінің торымен мұқият шырмап, ол ардағы ұлт қайраткер лерінің іс-әрекеттерін қа таң бақылауда ұстады. Ұлт мәселесінің өзекті жақ тары 1923 жылы ХІІ партсъезде тәп-тәуір тал қыланып, жақсы ше шімдер қабылданғанына қарамастан, артынша өт кізілген ұлттық республикаларда істейтін қыз мет керлердің 4-мәжілісінде ГПУ қамауға алған ірі қайраткер Мирсаид Сұл танғалиевтің «контрре волюциялық іс-әрекетін» көрнекі түрде сынау ар қылы ұлт саясатының қан дай шектеулі арнада жүр гізілуге тиістігін көр сетті.

 

Осы 4-кеңес саба ғы өз алдына, қа зақ қайраткерлерінің пат шалық заманнан са наға ұялаған құлдық психологиядан арылмаған дығы, тиісінше орталыққа көзсіз емінуі, әсіресе жеке бастарына келгенде ұлттық мүддені де ойлатпайтын алауыздығы салдарынан Қазақстан би лігіне 1925 жылы Филипп Голощекин келгені мәлім. Ол «Октябрь дауылы қа зақ ауылының жанынан өте шыққан» деген қи сын мен, бай мен кедей дің ара-жігін аша түсетін сына қағып, «Кіші Октябрь революциясын» жасауды қолға алды. Большевизмнің бір орта лыққа қатаң бағындырыл ған, өзгеше еркіндікке төзбейтін жүйесінің эмис сары қазақ комму нистерінің сана-сезімін қырнап-тегістеумен, өз сөзімен айтқанда, «нивелировка» жасаумен шұ ғылданды. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруі ық тимал алашордашыларды ағарту саласынан аластады. Құпия қызметке ерекше еркіндік берді. «Ұлтшылдар кәмпес ке леу науқанына кедергі кел тірді» дегенді боль шевиктік жәдігөйлікпен желеу етіп, репрессиялау машинасын іске қосты. Ал советтік солақай ре формаларға көрсетілген халық қарсылықтарын мүлдем қарулы күшпен басып-жанышты. Одан жасанды ашаршылықта рымен халықты миллиондап қырып, көл-көсір қай ғы-қасіретке бөктір ген әйгілі ұлттық апатқа ұрындырды. Және соның бәрінде де кінәні большевизмге тән көлгірлік ойдан құрастырған «тап жауларына» артып отырды.

Сорақы бұрмалаулар жұртты жаппай қуғын-сүргінге түсірген заманда да, жеке басқа табынуды әшкерелеген ХХ партсъезден (14-25 ақпан, 1956 жыл – Ред.) кейінгі «жылымық» кезеңде де кеңінен қолданылды. Құр бандардың атылған уақытын жасырып, лагерьлерде аурудан өлді деген жалған мәліметтер тарату әдетке айналды. Сондай өтірікті көпшілік санасына сіңірудің бір салдары сол – тіпті қазіргі тәуелсіздік дәуірінде де кей кісілер 1938 жылы атылған Мағжан Жұма баев пен Сәкен Сей фул линді өз өлімімен 50-жылдары өлгенге балап, сүй егін сонау мәңгі тоң бас қан аймақтан іздестіріп жүрді. Большевиктік бұр малауларға біздің кейбір зерттеушілеріміздің де құлай сенгені соншалық, еңбектерінде, мәселен, «Алаш ісі» бойынша тұт қындалған белгілі зиялылар Дінше Әділовтің «сат қындығы» салдарынан репрессияға ұшырады дейтін қате пікір қорытты.

Алайда Әділовтің ОГПУ тергеушісіне берген көрсетулерімен мұқият танысқан кісі белгілі зиялылар оның «сатқын ды ғынан» емес, арнайы қыз мет тергеушісінің әдейі қиыстырып, тұжы рымдаған «айыптауларынан» қылмыстық іске тар тылғанына көз жеткізеді. 1930 жылғы 21 сәуірде Мәскеуде атылған Дінше Әділов – 1917 жылдың қа зан айынан «Алаш» пар тиясы Ақмола облыс тық комитетінің мүшесі болған, 1920 жылғы Қа зақстан Советтерінің Құрылтайшы съезінде алғашқы ҚазЦИК құра мы на сайланған, Ішкі іс тер халық комиссариа тының алқа мүшесі, ха лық комиссарының орынбасары, халық комиссары міндетін атқарушы боп істеген мемлекет қай раткері, 1925 жылы Ұлт театрын (қазіргі Мұх тар Әуезов атындағы дра мтеатрды) құрып, жоқтан бар жасаған, кә сіби сахна өнері орда сының шаңырағын тұң ғыш көтеріп, қиындығы мол ең алғашқы театр маусымын абыроймен өткерген мәдениет қай раткері. Ол – еңбегін әділ бағалап, есімін өнер ор да ларының яки оқу орын дарының біріне беруге әбден лайық тұлға.

 

Осындай ескерусіз қалып келе жат қан тұлғаларды биылғы Алаш-Орда үкіметінің 100 жылдығы құрметіне арнайы ардақтау шараларын жасау жөн болар еді. Бұл ретте еліміздің өнер тарихындағы ерек те дара құбылыс – Қожықовтар әулетіне ерекше назар аудару керек. Әулет ота ға сы Қоңырқожа Қожы қов – 1912 жылы жарық көр ген тұңғыш «Әліп пе нің» авторы, ұстаз, қазақ азаттық қозғалысында өз орны бар қоғам қай раткері. Ол Қоқанда жа рия ланған Түркістан автономиясы Халық кеңе сінің жауапты хатшысы, Советтік Түркістан Республикасы мұғалімдер даярлайтын оқу орнының оқытушысы, Түркрес пуб лика Жер-су халық ко миссариатының жауапты қызметкері, Советтік Қа зақстанның ежелгі тарихын, көне жәдігерлерін зерттеу саласында елеулі істер тындырған ғылыми қызметкер болды. Үлкен террор кезінде ұсталып, 1938 жылғы 17 қаңтарда Алматыда атылды.

Оның зайыбы Ләтипа Ұлт театрының алғашқы сахна безендірушісі, су ретшісі, қолданбалы өнер шебері, кезінде бас па сөзде қазақ театрының аңыз-адамы деп аталған тұлға болатын. Екеуінің төрт ұлы бар еді, төртеуі де жаңаша қалыптасып келе жатқан қазақ өнері тарихында өзіндік өшпес із қалдырды. Тұңғышы Қо жахмет – қазақтан шық қан алғашқы суретші, әкесінің артынан репрессияланып, лагерь азабынан ерте қайтыс болды. Екінші ұлы Құлахмет – тұңғыш театр және кино суретшісі, өнерге сіңіріп жүрген зор еңбегіне қа ра мастан, «халық жауы ның» баласы ретінде ұда йы қысым көрді. Үшінші ұлы Нұрахмет – алғашқы монументалист-мүсінші, майданда ауыр жарақат алғандықтан, талантын толық аша алмады. Ал кенжесі Сұлтанахмет – майдангер-панфиловшы, ағасы Құлахметпен бірге бастап, атақты «Қыз Жі бекті» түсірген әйгілі кинорежиссер. Репрес сия ланған ұлт-азаттық қоз ғалыс қайраткерінің отбасынан осындай бес бірдей көрнекті өнер қай раткері шығуы, сөз жоқ, сүйсініп айтарлықтай ер ен құбылыс. Осы ұлағат ты әулетті ұлықтау шарасын ойластыру қажеттігі – әлдеқашан пісіліп-же тілген мәселе, Алаш-Ор даның 100 жылдығын атап өту ауқымында елі міздің оқу орындарының, елді мекендерінің, бекет терінің, яки қалаларын дағы көшелерінің бірін Қожықовтар әулеті атымен атау сұранып тұр.

Алаш-Орда мен оның жазықсыз жазаланған қайраткерлерін есте қал дыру шараларын осы мереке ауқымында шұғыл жүзеге асырудың тәуел сіздік туын алып жүретін болашақ ұрпақ тәрбиесі үшін аса қажет екенін ұмытпайық.

Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ,

Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары,

жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты

 

 

 

САЯСИ ЭЛИТА САТҚЫН

болғанын мойындайтын кез келді

 


Қазақ жеріне келген ақ патша билігі де, сол секілді Совет үкіметі де легитимді емес-тін. Қазақ тарихындағы осы ақиқат әлі күнге құжат түрінде айқындалмай келеді. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы Мәмбет Қойгелді kaz.365info.kz медиа-порталына берген сұхбатында мәлім етті. Оның пікірінше, қазақ жеріне алғаш аяқ басқан кездегі совет үкіметінің легитимді еместігін ашық мойындап, тіпті бізге оны арнайы құжатпен растау керек.

 

Совет өкіметі

Қазақстанға заңсыз келді

Қазақстанда патшалық билік легитимді болған жоқ. Оны күшпен алып, ысырып тас таған совет билігі де легитимді болған жоқ, – дейді профессор Мәмбет Қойгелді.

Ол кезде жалғыз легитимді билік болды. Ол – 1917 жылы желтоқсанда Орынборда құрыл ған Алашорда үкіметі. Міне, сол заңды билік болатын. Қай тұрғыдан алсақ та, ол сол кездегі жалғыз заңды билік болатын.

Алашорда қазақ қоғамында орта ғасырдан қалыптасқан саяси дәстүр ретінде шақырылған ІІ жалпықазақ съезінде құрылды. Ол съезді ешкім заңсыз деп айта алмайды. Оны тек совет тарихнамасы, идеологиясы заңсыз, бұзық секілді көрсетті. Ал шын мәнінде заң тұрғы сынан, тарих тұрғысынан барлығын зерттеп, нақты бағасын берсек, ол сол кездегі заңды үкімет болатын.

Қазақ жерінде ұлттың игі жақсылары, үл кендері, дуалы ауыздары бас қосатын құрылтай жиналыс бүкіл ұлттың атынан шешім қабыл дайды. Ол саяси немесе басқа шешім бола ма – оны қазақ қоғамы мойындайды, соны орындайды. Сондықтан І, одан соң ІІ жалпықазақ съезі де осы дәстүр бойынша шақырылды. Осы құрылтай съезі жабық түрде Алашорда үкіметін сайлады. Жабық түрде оның төрағасын сайлады. Ал «Алаш» партиясының шешімін бүкіл қазақ халқы мойындады.

Ал совет өкіметін қазақ қоғамы шақырған жоқ, совет өкіметіне қазақ қоғамы ашық түгілі жабық түрде де дауыс берген жоқ. Референдум, сайлау өтті ме? Жоқ. Сондықтан зерттеуші ретінде, менің түсінігім бойынша, совет өкіметі легитимді емес.

Бізге осыны ашық түрде мойындайтын, тіпті болмаса арнайы құжатпен оны растайтын уақыт жетті деп білемін, дейді ғылым докторы.

 

Геноцид екені даусыз,

неменеге бүгежектейміз?

Сондай-ақ тарихшы 1992 жылғы Жоғарғы кеңес қабылдаған қаулыны жаңғырту керек деп санайды. 1992 жылы басында Жоғарғы кеңестің советтік реформаларға байланысты қаулысы ресми газеттерге жарияланды. Мен сол комиссияның құрамында болғанмын. Комиссияның қорытындысы бойынша, Қазақ станда жүргізілген эксперименттің салдарынан қазақ халқының қырғынға ұшырауын геноцид деп бағалаған. Мен осы бағаны дұрыс деп санаймын. Көрші елдердегі тарихшылар былай дейді: «Мұндай жағдайлар барлық империя лық құрылымдарда болған. Жаңа, мықты, индустриалды қоғам құру үшін осындай ауыр жолдан, осындай қырғыннан барлық мемлекеттер өткен-мыс». Шындығында, бұл жәй сөз емес. Бұл ниеті түзу адамдар айтатын сөз емес. Ешқандай қырғынды ақтауға болмайды. Қазақ халқына келер болсақ, бұл жәй қателік емес. Бұл большевиктік үкіметтің мақсатты түрде жүргізген саясатының салдары.

Сол үлкен қырғынды жасаған Голощекинді орнынан алып тастау үшін күрескен қазақ зиялыларынан тұратын саяси топ болыпты. Олар «Уберите этого Голощекина!» деп ашықтан-ашық айтыпты.

Мысалы, 1927-28 жылдары Смағұл Сәдуа қа сов бастаған топ Голощекинді биліктен кетіруге тырысты. Ашаршылыққа дейін кетіруге тырысқан. Коллективизация, конфискацияның қарсаңында. Жағыпар Сұлтанбеков, Ыдырыс Мұстанбаев Троцкиймен, Зиновьев және Каменовпен тікелей байланысқа шығып отырды. «Голощекинді алып тастаңдар, осыған кө мектесіңіздер» деді. Ал Троцкийдің не дегенін білесіз бе? «Мәселе Голощекинде емес, мәселе – Сталинде» деді. Өйткені Троцкийлердің не гізгі жауы Сталин болатын. Олар Сталинге қарсы бірге шығайық деді. Біздің зиялыларымыз оған келіскен жоқ, – дейді Мәмбет Қойгелді.

 

Өзбек, қырғызға қарағанда

қазақтың саяси элитасы

ұлтын сатқыш болып шықты

Дегенмен, сол кезде Голощекиннің жанында болған басқарушы қазақтың саяси тобы өте мансапшыл, билікқұмар болып шықты. «Қа зақ тың ерекше қырылуына солардың да тіке лей қатысы бар, оны мойындауымыз керек», дейді тарихшы.

Біз көп жағдайда жылап-еңіреп, барлық кінәні басқаға жапқанды жақсы көреміз. Мәс кеуге, Сталиннің билігіне аударамыз. Қазақ халқының қырып-жойылуына қазақ билігін басқарушы саяси элита да белгілі бір деңгейде кінәлі. Мәселен, қазақ халқының 49 про цен тінің көзі жойылып кетті. Бір ұлттың жартысына жуығы қырылып қалды. Неге өзбек, қырғыз емес, қазақ осылай көп қырғынға ұшырады? Оларда да сондай саясат жүрді, олар да қырылды, бірақ қазақ ерекше көп қырылды.

Негізінен, постсоветтік елдер ішінде Ре сейдің, Украинаның, содан соң Қазақстанның халқы көп қырылды. Неге? Біздің ұлттық басқарушы элитаның кемшілігінен, әрине. Біз оны мойындауымыз керек. Біз Мәскеу тапсырма берсе, оны асыра орындауға тырысамыз. Осы – біздің халқымыздың үлкен трагедиясы.

Мысалы, Өзбекстанды алалық. Мәскеу тапсырма береді, өзбектер басында «иә, иә» деп, құп көрген ыңғай танытады да, артын сұйылтып жібереді. Мейілінше ұлтқа қарсы дүниеден айналып өтудің жолын қарастыратын еді. Ал бізде олай болмады, – дейді Мәмбет Қойгелді.

 

 

Тұрсын ЖҰРТБАЙ,

алаштанушы ғалым, жазушы: ҚАЗАҚТЫ – ҚАЗАҚ

басқара алмайды ДЕГЕН КІМДЕР ЕДІ?


 

Сол кездегі ащы шындықты неге мәймөңкелемей, бетке айтпасқа? Бар кінәні Голощекинге үйіп-төгеміз. «Сол келді де – құртты» десеміз. Егер тарихқа әділ баға бергіміз келсе, 1924-25 жылдары «Қазақстанды қазақ басқара алмайды» деп Сталинге хат жазған Тұрар Рысқұлов пен Сәкен Сейфуллинді неге айтпаймыз? Аттарын неге атамаймыз?

Біреуінің 37 бет, екіншісінің 47 бет хаты бар. Екеуі де Сталиннің қабылдауында болғандар. Содан екі жарым айдан кейін Сталин Голощекинді Қазақстанға жіберді емес пе?

Рысқұлов Мәскеуге кетті, Сейфуллин Халық комиссарлар кеңе сінің төрағасы қызметіне алынды. Міне, тапқан пайдалары. Осыны біле тұра, біз неге бәрін «Қу жақ тан» (Голощекин – Ред.) көреміз. Ол бұл жаққа сұранып келген жоқ қой. Өзіміз ғой «қазақты – қазақ басқара алмайды» деп, өзге ұлттың өкілін шақыртқан. Осыған неге қазір баға бермейміз?

Смағұл Сәдуақасов қарсы болды деседі. Ол: «Қазақстанды бас қара алатын қазақтар бар. Қазақ станға өнеркәсіп салу керек. Біз жүнді неге Қазақстанда қырқып, Өзбекстанда жудырып, Ресейдің Иванов қаласында тоқытамыз? Неге осының бәрін бір жерде істет пейміз. Бүйте берсек, шикізат тың республикасы болып қаламыз ғой», – деп сол кездің өзінде шырылдады емес пе? Сондай-ақ ол «Оқу-ағартуды, мемлекеттік тіл – қазақ тілінен бастауға тиіспіз», – деді. Сол үшін жергіліктендіру деген заң қабылдатты.

Ойбай, бұл ұлтшыл дестік. Оған қарсы күрес басталды. Осы ның бәрін талдап, қысқасы, бұлақтың басын ашуға тиіспіз ғой?

Екінші, «Алашордашлар ұстал сын, тәркілеуге бөгетін тигізеді, мойынсерікке қарсы көтеріліс бастайды. Осы науқан тездетілсін» деп «Ақжол» газетін жаптырған кімдер? Тағы манағы екеуі. Мұның бәрі архивтерде қаттаулы тұр. Көзі жетпегендер, маған сенбесе, архивке барып, сөрені ақтарып, таныссын.

1927 жылғы тәркілеуде қазақ халқы үлкен күйзеліске ұшырады. Мәскеуден арнайы сапармен Қазақстанға келіп, коллективизация тездетілсін деп комиссия құрып, басқарып, баяндама жаса ған кім? Елтай Ерназаров секілді адамдарды жан-жаққа аттандырып, тәркілеуді жеделдет тірген, иісі қазақтың малын ортаға салуға үгіттеттірген кім? Тағы сол – Рысқұлов.

Иә, сол жолы ол теміржол құрылысын бастады. Сөз жоқ, ұлы тірлік. Теміржол еліміздің дамуы үшін үлкен рөл атқарды. Мұны мойындаймыз. Бірақ әлгіндей істерін қалай ақтап алуға болады?

Ал 1932 жылы Исаев екінші хатшы, сонымен қатар Құлым бе тов пен Құрамысовтар мемлекетті ұстап отырды. Шаруашылықтың бәрі солардың қолында. Бірақ аштан қырылғандар есіктерінің алдында үйіліп жатты. Комсомолдар өліктерді күн-түн демей жинап әкетіп жатты. Оны Голощекин де, өзгелер де біліп отырды. Бір шара қолдануға болар еді ғой? Бір жыл емес, халықтың аштан қынадай түсіп жатқанына екінші жылға аяқ басты. Сонда деймін ғой, мемлекет не істеп отыр? Көрсоқыр ма сонша! Жағдай солай бола тұрса да, оны мойындағысы келмеген Құрамысов былай дейді: «Халық жаулары, яғни алашордашылар (ол кезде барлық алашордашылар түрмеге түскен, атылатыны атылып, қалғаны айдауда еді) халық шаруашылығында күйзеліс бар дейді. Бұл – сол алашорда шылардың шығарған өтірігі. Біз қажет болса, революция үшін барлық қазақ халқын құрбанға шалуға даярмыз», – деп баяндама жасаған.

Мұны айтқызып отырған кім? Әрине, дәл осы сөзді Мәскеу айт қызған жоқ. Қазақтардың өздері айтып отыр. Қазір солардың аттары аспандап тұр. Көшелер беріл ген. Егер де «қазақты – қазақ бас қара алмайды» дегені рас болса, онда ол кісілерге деген құрметім жоғалары анық.

Шындығы қайсы сонда?

Кaz.365info.kz

About Zika1961