Home » Дат|Каз » ҮРЖАРДА ҮПТЕЛГЕН ҚАРЖЫмен жер дауы тексеріле бастады
060917_1631_1.jpg

ҮРЖАРДА ҮПТЕЛГЕН ҚАРЖЫмен жер дауы тексеріле бастады

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №21 (385) от 1 июня 2017 г.

 

 


 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданына қарасты 91 432 гектар жер телімін Қытай компанияларының үлесі бар «Бәтуа» ЖШС мен бірнеше серіктестіктің заңсыз алып алғандары анықталып, болған іске жауапты тұлғаларға байланысты мемлекеттік органдар тарапынан тексеріс басталды. Редакциямызға қоңырау соғып, осы жағдайдың егжей-тегжейін хабарлаған қоғам белсендісі Айдын Егеубаев мырза (суретте) мәселенің мән-жайын былай деп баян етті:

 

– Өткен сәуір айының 5-і күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровпен қоғам белсенділері: Мақсат Ильясұлы және мен – Айдын Егеубаев кездескен болатынбыз. Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында 91 432,5 гектар жер телімін Қытай компанияларының үлесі бар «Бәтуа» ЖШС-мен бірігіп, бірнеше серіктестіктің заңсыз алып алғандары анықталғаны, бұларға мемлекет тарапынан миллиардтаған қаржы берілгені және Қытай мемлекетінен келген миллиондаған (АҚШ доллары) инвестициялардың қандай мақсатқа жұмсалғаны туралы мәселелерді талқылаған болатынбыз.

Сол талқылаудың түйінінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Үржардағы ахуалды тікелей өзінің бақылауына алатынын және тексеріс тобын құрып, нақты жұмыс жасайтынын айтқан еді. Міне, содан кейін Үржар ауданында тексеріс басталды. Тексерістің жұмысымен мен де Үржарға келіп қалдым.

 

– Айдын мырза, сонда тексеріс тобының құрамына қоғам белсендісі ретінде сіз де мүше болдыңыз ба, әлде сіз азаматтық талап танытып жүрсіз бе?

– Тексеріс тобына арыз иесі ретінде кірдім. Оның үстіне бұл тексерісті Шығыс Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті менің 5 сәуір айында Қожамжаровтың қабылдауында болған кезде берген арызымның негізінде қарап, қазір Үржар ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы тергеушілері жұмыс жасап жатыр. Тексеріс тобына кіруімнің себебі – сол.

 

– Сонда Үржар ауданында 91 432,5 гектар жер телімін Қытай компанияларының үлесі бар «Бәтуа» ЖШС заңсыз иеленген бе?

– Иә, заңсыз иеленген. Аталған серіктестіктің соншама үлкен жерді заңсыз алғанын ШҚО экономикалық соты дәлелдеген болатын. Сот шешімі бойынша, алынған жерлер заңсыз деп танылды.

 

– Демек, мемлекет тарапынан берілген субсидиялар да заңсыз болғаны ғой?

– Әрине, заңсыз! Сот шешіміне байланысты қазір аудан деңгейіндегі атқамінерлер, аудандық жер комиссиясының мүшелері, жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері сұраққа алынып, тергеліп жатыр. Меніңше, осы аталған мемлекеттік қызметкерлер қатаң жазалануы керек. Сондай-ақ аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан берілген субсидиялардың қалай, қайда, қайтіп жұмсалатыны да тексерілуі қажет. Облыс басшылары да осы іс үшін жауап беруі тиіс.

 

– Қазір тексеріс пен тергеудің беті қалай?

– Қазір Қытай компаниялары мен бірлескен серіктестіктердің басшыларынан да жауап алынып, тексеріліп жатыр. ШҚО-да тексеріс болғаннан кейін, бас кеңселері Алматы қаласында орналасқандықтан, Алматы қаласында да тексеріс жалғасады.

«Бәтуа» ЖШС-нің құжаты бойынша, Үржар ауданында 500 адам жұмыс жасады деп көрсетілген. Ендеше жұмыс жасаған адамдар мен жұмыс беруші арасында келісім-шарт жасалды ма? Зейнетақы қорына ақша аударылды ма? Барлық заң талаптары сақталды ма? Осының бәрі тексерілетін болады.

Қытай мемлекетінен 2010 жылдан бері қарай «Бәтуа» ЖШС-не қанша қаражат келді, бұл қаражат қайда жұмсалды – тексеру тобы бұны да анықтайтын боламыз. Бір қызығы, бұл тексеріс енді басталды. Былтырдан бері басталған тексерістер енді ғана қозғалды.

 

– Түйіндей айтқанда, Үржарда үптелген қаржы мен жер дауына нақты кімдер жауап беруі керек?

– Заңсыз жер берген әкімдер, Жер комиссиясының мүшелері, Жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері және заңсыз жерге мемлекеттен миллиондаған қаржы берген мемлекеттік мекеме басшылары жауап беруі керек! Өйткені ел – иесіз, жер – киесіз емес!

Abai.kz

 

 

 

Comments

 

Көкеш Такешева:

Айдын бауырымызға сәттілік тілеймін! Заңсыз өткен әр шаршы метр жердің қайтуы болсын! Киелі жер қасиетімен халқына қайтарылса екен, осыншама ақшаны өз қажеттеріне жаратқан жемқорлар халық алдында жауапқа тартылсын! Мың асқанға бір тоқтам табылар! Бәріне қазақ халқы ғана алаңдайды! Жақсы хабар күтеміз!

 

Амангелды Бидахметов:

Іске сәт! Жер сатқандар жауабын берсін, жазасыз қалуға тиіс емес! Елін, жерін қорғап жүрген Айдын сияқты азаматтар аман болсын. Көп болсын!

 

Gaukhar Alizbayeva:

Не ақыңыз қалды… Бәрін біліп, түсініп отырсыз… Кімдер ақшаны жымқырды, қайда жібергені… Б.Сапарбаевтың арам істері өзінің мойнында, өзі Алланың алдында жауап берер, күнәсін көтерер. Сіз бұл жерде ештеңе ұтпайсыз… Отбасыңызды алаңдатып жүргеніңіз. Арты жақсы болсын!

 

Айдын Егеубаев:

Алланың бір атауы Халық деген!!! Сапарбаев мына Халыққа, бізге көзі тірісінде жауап беруі керек… Облыс әкімі болып отырғанда, бұл компанияларға мемлекеттен, сіз бен біздің төлеген салықтарымыздан ақша берген, соған жауап беруі керек.

 

Тлегенов Орынбасар:

Кім сатқын, кім жемқор, кім өтірік айтады, кімнің ақшасы көп, кімнің көкесі бар – заңды солар бұрмалап алады, ҚР заңдары тек елді қорғаған, шындық айтқан адамдарға қарсы қолданылып келеді.

 

Елнұр Исабай:

Айдын бауырым, рахмет, мың алғыс қуанышты хабарыңа! Сатқындарды бүкіл елдің алдында әшкере ету керек. Халық жауы деп тану керек және Конституцияға осындай сатқындардың қатаң жазалануына заң енгізу керек депутаттар.

 

Мамырбай Орыс:

Халықты былғауға болмайды, ұрлық-қарлық, өтірік, басқадай былық-шылықтың бәрі – биліктің сенімді өкілдері… Енді ешкімді де еркелетпеу керек, қандай әкесі-көкесі болсын, заң алдында жауап беруге тиіс. Мұндай сорақы істерді басқадай елді мекеннің белсенділері де көтерсе, жалпыхалықтық шараға айланар еді.

 

Нұрбай Сүйінов:

Айдын бауырым, мына жаңалық қуантып та, алаңдатып та отыр. Қуантатыны – әйтеуiр бiр игiлiкті әрекет басталды! Аландататыны – бұл соқпақта әлi талай тайғақ, бопсалау, жылмақай шалғыштар кездесерi анық. Арандату да жеткiлiктi болады. Абайлаңдар! Аман болындар!

About Zika1961