Home » Дат|Каз » QAZAN JARLYG’Y №569

QAZAN JARLYG’Y №569

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №40 (404) от 02 ноября 2017 г.

 

 


 

 

 

Qazaq tili a’lipbi’inin’ ki’ri’lli’sadan latyn grafi’kasyna ko’s’irily’in qamtamasyz ety’ maqsatynda QAY’LY ETEMIN:

1. Qosa berilip otyrg’an latyn grafi’kasyna negizdelgen qazaq tili a’lipbi’i bekitilsin.

2. Qazaqstan Respy’bli’kasynyn’ U’kimeti:

– qazaq tili a’lipbi’in latyn grafi’kasyna ko’s’iry’ jo’nindegi ulttyq komi’ssi’i’a qursyn;

– qazaq tili a’lipbi’inin’ 2025 jylg’a dei’in latyn grafi’kasyna kezen’-kezen’imen ko’s’y’in qamtamasyz etsin;

– osy Jarlyqty iske asyry’ jo’ninde o’zge de, sonyn’ is’inde ui’ymdastyry’s’ylyq ja’ne zan’namalyq si’pattag’y s’aralar qabyldasyn.

3. Osy Jarlyqtyn’ oryndaly’yn baqylay’ Qazaqstan Respy’bli’kasy Prezi’dentinin’ A’kims’iligine ju’ktelsin.

4. Osy Jarlyq qol qoi’ylg’an ku’ninen bastap qoldanysqa engiziledi.

 

Qazaqstan Respy’bli’kasynyn’

Prezi’denti N.Nazarbaev

Astana, Aqorda,

2017 jylg’y 26 qazan

 

 

 

Жақсы жаңалық

 

ҚарМУ латын әліпбиін ОҚЫТУДЫ БАСТАДЫ

 

 

Қарағанды МУ-нің кейбір факультеттерінің студенттері биылғы оқу жылынан бастап латын әліпбиін оқи бастады, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты.

 

Хабарда атап көрсетілгендей, ол туралы тіл саясаты, латын әліпбиіне және үш тілділікке көшу тақырыбына арналған аймақтық байланыс қызметінің брифингі барысында мәлім болды. «2017–2018 оқу жылында Қарағанды мемлекеттік университетінде химия, филология, философия, психология, тарих факультеттерінде латын әліпбиі оқытыла бастады. Бұл курстар аптасына бір рет өтеді, студенттерге танымал ғалымдар, филология ғылымдарының докторлары, профессорлар дәріс береді. Оқу барысында студенттер ерте кезеңдердегі қазақ әліпбиімен, сонымен қатар 1929-40 жылдарда Қазақстанда қолданылған латын жазбасы үлгілерімен танысады, – деді Қарағанды облысының Тілдерді дамыту басқармасының жетекшісі Гүлнәрайым Қаңтарбекова.

 

ҚазТАГ

About Zika1961

Добавить комментарий