Home » Апта аптығы » ПРЕЗИДЕНТТІК КЕӨЗІН-ӨЗІ ҰСЫНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

ПРЕЗИДЕНТТІК КЕӨЗІН-ӨЗІ ҰСЫНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №20 (384) от 25 мая 2017 г.

 

Апта аптығы

Дабыл!


 

Парламент мәжілісі кеше Қазақстан президенттігіне үміткерлерге қосымша талаптар қоюды қарастыратын кейбір заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы конституциялық заң жобасын мақұлдады.

Мәжілісте заң жобасын таныстырған әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, жобада президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптар күшейту қарастырылған. Атап айтқанда, азаматтардың президенттікке кандидат ретінде өзін-өзі ұсынуына тыйым салу қарастырылған. Бекетаевтың сөзінше, президенттікке кандидаттарды қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар ғана ұсына алады.

Жобаға сай, кандидаттарға мемлекеттік қызмет немесе сайланатын мемлекеттік лауазымды қызмет атқарған кем дегенде бес жыл тәжірибесі болуы, президенттік міндетін атқаруына кедергі келтіретін ауруы жоқтығын растау туралы талаптар енгізілетін сияқты. Кандидат міндетті медициналық тексеруден өткізіледі. Бұл талап «Сайлау туралы» заңға енгізілмек.

Azattyq.org

 

 

 

 


 

About Zika1961