Home » Апта аптығы » ПЕНСИЯҒА СТАЖБЕН ШЫҒАМЫЗ…

ПЕНСИЯҒА СТАЖБЕН ШЫҒАМЫЗ…


Қазақстанда зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне (стажға) қарай тағайындалатын болады, – деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

«Қазіргі таңда базалық зейнетақы зейнет жасына жеткен азаматтарға еңбек өтілі мен зейнетақы жүйелерін қалыптастыру шарасына қатысқан-қатыспағандығына қарамастан бірдей көлемде беріледі. Келесі жылдан бастап, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай берілмек. Осы орайда 1988 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы аударымдарының түсу аралығы ғана есептілініп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілі назарға алынатыны болжануда», – деді дүйсенбідегі брифингте С. Жакупова.

Оның айтуынша, мұндай бастама 30-40 жыл еңбек өтілі бар, бірақ аз зейнетақы алатындарға қатысты әділдік орнатуға мүмкіндік береді.

«1998 жылға дейінгі 33 жылдан асатын өтілі бар тұлғаларға немесе 1998 жылдан кейінгі өтілін ескере отырып, базалық зейнетақы ағымдағы көлемімен салыстырғанда екі есеге көбейеді. Егер бұл сома қазір 12 мың теңгені көрсетсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен зейнеткерлердің аталған тобы ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыға қоса, 24 мың теңгеден астам болады», – деді С.Жақыпова.

Еске салсақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін базалық зйенетақыны тағайындаудың жаңа механизмін түсіндіруде.

ҚазТАГ

 

 


 

About Zika1961