Home » Дат|Каз » Орыстар Ресейге КӨШІП ЖАТЫР

Орыстар Ресейге КӨШІП ЖАТЫР

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

 

Ақ жол!

 


«Қазақстаннан шетелге тұрақты өмір сүру үшін көшетін халық саны көбейіп барады», – дейді мамандар. Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы қызметкерлерінің сөзінше, қоныс аударушылардың көбі Ресей, Германия және Беларуське кетеді.

 

Қазақстанның солтүстігінде орналасқан Петропавл қаласының тұрғыны Татьяна Величкина биыл жұмыс табылмаса, көрші Ресейге «Отандастар» бағдарламасы арқылы кетуді жоспарлап отыр. Оның сөзіне қарағанда, «бұл бағдарлама оған өте тиімді». «Ресейге көшсе, баспана және тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілмек».

Қазақстан ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік-демографиялық статистика басқармасы мамандарының сөзінше, Солтүстік Қазақстан облысынан өзге елге қоныс аударушы азаматтардың саны Қазақстанға көшіп келушілер санынан көп. Осы министрліктегі статистика басқармасының сарапшысы Гүлжихан Айгозинаның «Азаттыққа» айтуынша, «2016 жылы облысқа 743 адам көшіп келсе, кеткендер саны 3276 адам болған». Яғни, көшіп кетушілер төрт есе артық.

«Оның ішінде Петропавл қаласының өзіне 476 адам көшіп келсе, 1798 адам қаладан көшіп кеткен. 2016 жылы адамдардың көбі Ресейге, Германияға және Беларуссияға қоныс аударды», – дейді министрлік өкілі.

Қазақстанның өз ішінде де басқа өңірлерден солтүстікке жұмысқа, оқуға шақыру шаралары өткізіліп тұрады. Сондай шаралардың бірі кеше Қызылордада өтті. Онда «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша өткен еңбек жәрмеңкесінде солтүстіктен келген жүздеген мекеме жұмыс ұсынды.

Ресей ішкі істер министрлігі сайтындағы дерекке сәйкес, 2016 жылы Қазақстаннан кеткен 37 837 адам Ресей азаматтығын алған. Мамандар «Ресейге көшушілер баяу да болса көбейіп барады»,- дейді. Мәселен 2015 жылы Қазақстаннан Ресейге шамамен 32 мың адам кеткен, олардың негізгі бөлігі – этникалық орыстар немесе орыс тілді халық.

Орыс тілді азаматтардың Қазақстанда қалғысы келмеуінің көп себептері бар екені айтылып жүр. Сарапшылар ондай себептің бірі ретінде «Ресейдің отандастарын өз территориясына көшіруге арналған бағдарламасын» атайды. Бұл бағдарламада Ресейге көшкен «отандастарды» жұмысқа орналастыру, жол шығынын, мүлкін төлеп беру мәселелері қарастырылған. Мамандар орыс тілді халықты Ресейге көшуге ынталандыратын тағы бір фактор ретінде бұл елде жақсы білім алу, қомақтырақ табыс табу мүмкіндігі көбірек екенін айтады.

Ресей федералдық көші-қон (ФМС) қызметі дерегінше, соңғы кезде «Отандастар» мемлекттік бағдарламасы бойынша бұрынғы одақтас республикалардан Ресейге жыл сайын 100 мыңнан көп адам көшеді. Оның 29,7 пайызы әрі бұл бағдарлама бойынша «ең көп өтініш беретіндер» – Қазақстан азаматтары.

Azattyq.org

About Zika1961