Home » Дат|Каз » Омарғазы АЙТАН. ҰЛАР НЕГЕ ШАҚЫРАДЫ?

Омарғазы АЙТАН. ҰЛАР НЕГЕ ШАҚЫРАДЫ?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №21 (385) от 1 июня 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

Байғазы

 


 

 

Көріп пе ең шығып бұрын ұлы тауға,

Ұлар неге шақырады?

Басталып дәл қасыңнан жасыл аспан,

Одан ары

Қорымдар созылады қына басқан.

 

Мекені таутеке мен қодастардың,

Жартастар қабат-қабат

Сіресіп құз-қияда жатқан бәрі.

Әттең-ай, көрер ме едің

Сол шағында

Күп-күңгірт үңіреген шатқалдарды!

 

Болдың ба қақпаныңды енді жайып,

Аңшысы таулықтардың,

Естідің бе,

Тыңдашы ұлар неге шақырады?

Мал екеш мал да ұйып тыңдағандай,

Мүлгиді бұта бүрген

Қой жақтан сонау арғы қарсыдағы.

 

Қалыпты тіпті төмен ағаш кескен,

Бұл жерден естілмейді

Үні де бір шың еткен балтасының.

Таулардың бір тұсында

Қалықтап жүр айналып қыран бүркіт

Үстіне ұя салған жартасының.

 

Одан ары жоғарырақ

Мұздар мен аппақ қардың етегінде

Отырды ұлы құсы биіктердің.

Ұлар неге шақырады?

Толтырып аспан астын қуанышқа

Табиғат неткен таза, сүйікті едің!

 

Егіліп кетер дейсің ізгілікке,

Дәл сол кезде –

Мүлгіген тәңірдің нұр-шуағы.

Бояуы құрғамаған жап-таулар,

Көңілдер елжірейді,

Тыңдашы, ұлар неге шақырады?

 

1976 жыл

 


 

About Zika1961