Home » Апта аптығы » ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК АҚЫСЫ Қызылордада 90 теңгеге жетті

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК АҚЫСЫ Қызылордада 90 теңгеге жетті

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №26 (390) от 5 июля 2017 г.

 

Апта аптығы

 


 

 

Қызылордада қоғамдық көлікте жүру тарифі Т90-ға көтерілді, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

«Қызылорда» автобус паркі» ЖШС ересектер үшін жол жүру құнын Т100 және балалар үшін Т50 көтеру туралы ұсыныс жасаған еді. Қалалық коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің басшысы Талғат Құлмағанбетовтың айтуынша, аталмыш мәселе 1 шілдеде қалалақ мәслихат сессиясының күн тәртібіне және қоғамдық тыңдалымға шығарылды. Бұл ретте қалалық мәслихаттағы дереккөзі хабарлағандай, автопарктің тарифті көтеру туралы ұсынысы қанағаттандырылды.

«Автопарктің ұсынысы қанағаттандырылды, нәтижесінде депутаттар ересектер үшін 90 теңге және балалар үшін 40 теңге көлемінде ішінара баға белгілеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар әлеуметтік осал топ үшін жеңілдік ұсыну мүмкіндіктері қаралады, оның ішінде студенттер мен зейнеткерлер үшін де», – деді агенттік тілшісі.

ҚазТАГ

 

 

 


 

About Zika1961