Home » Дат|Каз » НАЗАРБАЕВ КЕШЕ АШҚАН өндірістер қашан ЖАБЫЛАТЫНЫН БАҚЫЛАЙЫҚ

НАЗАРБАЕВ КЕШЕ АШҚАН өндірістер қашан ЖАБЫЛАТЫНЫН БАҚЫЛАЙЫҚ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №45 (409) от 7 декабря 2017 г.

 


 

Кеше Астанада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпір барысында ол бірқатар өндіріс нысандарын ашты. Бұған дейінгі дәл осындай телекөпірлер кезінде салтанатты жағдайда ашылып, кейіннен жабылып немесе тоқтап қалғанын еске алар болсақ, қазақстандық «барыстың» сырқат екеніне көз жеткізу қиын емес. Бейресми деректер бойынша, индустрияландыру бағдарламасы аясында ашылған 70-ке жуық өндіріс орындары тоқтап тұр.

 

Ендеше кешегі «барыстар» қашан «тышқақ мысыққа» айналатынын бақылайық. Есіңізде болсын, кеше ашылды деп, дүниеге дабыра қылған өндіріс орындары мыналар:

Атырау облысында полипропилен шығаратын газ химиялық кешені. Жобаның мақсаты – Қазақстанда мұнай ілеспе газын өңдеу бойынша кәсіпорын құру, өндірістік тұтынудағы тауарлар спектрі өндірісін құру.

Ақтөбе облысында мұнай-газ жабдықтары мен құбырларын шығаратын зауыт. «120 жұмыс орнын аштық, 5,5 млрд. теңге инвестиция тарттық. Біз Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай нарығына шығарылатын өнімнің 20% -ын экспорттауды жоспарлап отырмыз», – деді «Kazakhstan Oil Equipment Plant» ЖШС директоры Анар Кашлаев телекөпір барысында.

Атырау облысында металл құрылымдарын шығаратын зауыт. «Бұл өндірісте 50 жаңа жұмыс орны ашылды. Инвестициялар көлемі 2,5 млрд. теңгеден асты», – деп хабарлады президентке рапорт берушілер.

Алматы облысында «Psi Stroy Industriya» ЖШС зауыты. Жоспар бойынша, мұнда жылына 18 мың тонна металл құрастырмаларын шығару көзделген.

Астанада «Эйр Астана» авиатехникалық орталығы іске қосылды. Орталық Азиядағы ірі әуе кемелерін жөндеу кәсіпорнын құру жобасын жүзеге асырады. Техникалық қызмет көрсету еуропалық Авиациялық қауіпсіздік агенттігінің стандарттарына сәйкес болады.

Жамбыл облысында мәрмәр, гранит және гипс өңдеу зауыты ашылды. «Біз Ресей мен ТМД нарығына өнімнің 60% жеткізуді жоспарлап отырмыз. Өзіміздің экспорттық әлеуетімізді арттыруға ниеттіміз», – деді «Оргстрой» ЖШС-нің директоры Қ. Ғылымхан.

Маңғыстау облысында Құрық портының автокөлік паром терминалы іске қосылды. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вице-президенті Бауыржан Орынбасаровтың айтуынша, жаңа автокөлік паромдық кешені автоматты түрде жылына қосымша 2 млн. тонна жүк тасымалдауға мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысында Астрахань – Атырау – Ақтау – Түркіменстан шекарасы халықаралық транзиттік дәлізіне кіретін Ақтау – Шетпе жол учаскесі ашылды.

Батыс Қазақстан облысында құс фабрикасы ашылды.

Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 сүт зауыты іске қосылды.

Ақмола облысының Ақсу ауылында алтын өндіретін зауыт ашылды. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, зауытқа салынған қаражат 30 млн 585 мың теңге, оның іске қосылуына байланысты 745 жаңа жұмыс орны ашылады.

Қарағанды облысында ескі машиналарды қайта өңдеу зауытының екінші кезеңі іске қосылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі. «Жобаның құны (бірінші және екінші кезең) – 3 млрд 400 млн. теңгені құрады», – деді «Recycling Company» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Айдын Нұрахметов.

Айтпақшы, осыншама өндіріс орындарын президент Назарбаевтың ашуын күткізіп қоймай, бұған дейін рет-ретімен, кезек-кезегімен неге аша бермеген? Шамасы, бұл телекөпір әдеттегі даңғаза дабыраның тесік шелегін даңғырлату болса керек.

Бақытгүл КӨПБАЙҚЫЗЫ,

«D»

About Zika1961