Home » Апта аптығы » МОҢҒОЛИЯ ЭКСПО көрмесіне қатыспайды
052817_1557_1.jpg

МОҢҒОЛИЯ ЭКСПО көрмесіне қатыспайды

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №19 (383) от 19 мая 2017 г.

 

Апта аптығы


 

Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға талпынған мемлекеттер саны 115-ке жеткен болатын. Алайда қазіргі таңда бұл көрсеткіш біраз мемлекетке қысқарды, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

 

Кеше Астанаға арнайы келген Моңғолияның батысындағы қазақтар тіршілік етіп жатқан Баян-Өлгий аймағының өкілдері Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лувсан Баттулгамен кездесті (суретте).

Кездесудің басты мақсаты Астана «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында Баян-Өлгийде тұратын қандастарымыздың көрмеге өздері өндірген өнімдерін қоюды ұйымдастыру болатын. Алайда Моңғолия елшісі Лувсан Баттулга Моңғолия тарапының әйгілі көрмеге қатыса алмайтындығын жеткізді.

«Осыдан бір жыл бұрын Моңғолия «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға ниет білдірген болатын. Сонымен бірге павильоны дайындалып, екі жақты келісім-шарттар жасалған еді. Өкінішке қарай, Моңғолия тарапы бұл көрмеге қатыса алмайтын болды. Себебі қаржы мәселесін шешу мен Моңғолия ұсынатын көрме заттары көрменің негізгі тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» аясына сай келмейтін болды», – деді елші.

Baq.kz

About Zika1961