Home » Апта аптығы » МИЛЛИАРДТАРҒА САЛЫНҒАН ЗАУЫТТАР НЕГЕ ТОҚТАП ТҰР?

МИЛЛИАРДТАРҒА САЛЫНҒАН ЗАУЫТТАР НЕГЕ ТОҚТАП ТҰР?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №30 (394) от 24 августа 2017 г.

Апта аптығы


Мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы бойынша тұрғызылған, жарнамасы жер жарған кәсіпорындар сол күйі ашылмай тұр.

«Бүгінгі таңда тұралап тұрған 15 нысан бар. Төртеуі Қостанайда, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында екеуден, Атырау, Батыс және Солтүстік Қазақстанда бір-бірден. Аталған өңір басшылары бұл істі дереу қолға алулары тиі», – деді ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Жалпы алдағы бес жыл ішінде индустрияландыру бағдарламасына 878 миллиард теңге бөлінбек. Былтыр желтоқсанында 23 су жаңа нысанның құрылысына бюджеттің 180 млрды жұмсалған.

Қағаз жүзінде ғана кәсіпорын ашатын әкімдермен әңгіме енді басқаша болады деген премьер-министр жергілікті әкімдерден желтоқсанның біріне дейін тұралап тұрған 15 зауытты түгел іске қосуды талап етті.

Stan.kz


About Zika1961