Менің мұң-зарымды КІМ ТЫҢДАЙДЫ?

Жуы­қта 15 ақпан күні «Орал» теле­ар­на­сы­нан біздің орал­ды­қтар­дың су астын­дағы балы­ққа жасап жатқан қамқор­лы­қта­рын көр­сет­ті. Құп­тар­лық жағ­дай. Тек көңіл­ге ора­ла­тын бір сұрақ: «Атам зама­ны­нан бері ол балы­қтар біздің қамқор­лы­ғы­мыс­сыз қалай түгелі­мен қыры­лып қал­маған?»

Менің­ше, табиғат өз заңы­мен жүреді, оған ара­ла­су­дың қажеті бар ма? Көк­тем шыға, қар жаңа ери бастаған­да, дина­мит­пен мұз жару деген шықты. Ол мұз үйіліп, бірінің үстіне бірі мін­гесіп, қай­та қатып қалып жата­ды да, су ері­ген­де өзен­нің арна­сын мін­гес­кен мұз басып жатқан­ды­қтан, су арна­сы­нан шығып, далаға жай­ы­ла­ды. Ол мұз­ды олай жар­маған бол­са, мұз­дың беті тегіс бол­са, ері­ген су арна­сы­нан шық­пай-ақ мұз­дың асты­мен де, үсті­мен де ағып кете бер­ген болар еді ғой. Дүние құралға­ны­нан бері солай болып келеді емес пе?

Әлде бұл біре­улер­ге жаңа үй салып берудің сыл­та­уы үшін істе­летін нәр­се ме? Ол үйлер­дің саны бар да, сапа­сы жоқ. Қабы­рға­ла­ры сула­нып, үне­мі көге­реді де тұра­тын көрі­неді! Жылуы да тек газ­дың күші­мен рет­те­леді екен! Тасқа­ла­да әйте­уір газ бар! Ал газ­дың 1 тек­ше мет­рі – 16,61 тең­ге.

Сол балы­қтарға істеліп жатқан қамқор­лы­қты бас­шы­лар шір­кін жоқ-жітік адам­дарға жаса­са ғой! Елба­сы­мыз теле­ди­дар­дан бір­не­ше рет «нашар тұра­тын, мұқтаж отба­сы­ла­ры­на қамқор­лық көр­сетіл­сін, көмек беріңіз­дер» деп қара­мағын­дағы­ларға мұқи­ят­тап жатқа­нын есті­сек те, бас­шы­лар тара­пы­нан ондай қамқор­лы­қты өз басым көре алмай отыр­мын.

Қай­тыс болған төрт балам­нан қалған, 41 жасым­да көр­ген жалғыз ұлым­ды үйлен­діре­мін деп боры­шқа батып едім. Жығы­лғанға жұды­рық деген, әлдеқа­шан ұмы­ты­лып қалған «Хоум кре­дит» банк­ке бере­ше­гім­ді менің келісі­мім­сіз, мені ешқан­дай сотқа шақырт­пай-ақ, сот­тың шеші­мі арқы­лы зей­не­тақым­ның жар­ты­сын банк жал­мап жатыр.

Соны­мен жарық пен газға, суға, теле­фонға төле­ген­де тамаққа қала­тын азған­тай ғана ақша «Хоум кре­дит­ке» кетіп жатыр. Қазір үйім­де тек нан­нан басқа ішетін тамақ та жоқ! Біраз күн­нен бері түскі асты ішу­ден де бас тарт­тым, аздап бол­са да үнем бол­сын деп!

Және аран­да­ры қалай ашы­лған банк екенін қай­дам: про­цен­ті айы­на 65–75 пай­ыз құрай­ды. Бұл қай­дан шыққан тариф? Кезін­де мұқтаж болған­ды­қтан, басқа банк­тен ақша ала алмаға­сын, амал­сыздан несие алып едім. Өзі­міз­де үй жоқтың кесірі­нен 2012 жылы Ақсай­дан Тасқа­лаға көшіп-қонып жүр­ген­де, ол неси­ені уақы­ты­лы қай­та­руға мұр­шам бол­ма­ды.

Он төрт жасым­нан бастап жұмыс істеп, 49 жыл­дан кей­ін зей­нет жасы­на жет­кен­де, тағай­ын­далға­ны ең төмен­гі мөл­шер­де­гі 14 мың тең­ге болып, биыл қаңтар айын­да 34–35 мыңға әрең жетіп еді. Кем­пірім де сон­дай зей­не­тақы ала­ды. Жаңа түс­кен келін­ге жұмысқа шық деп қалай айта­мын?! Жалғыз ұлды Москва, Аста­на қала­ла­ры­на жұмысқа кет­кісі кел­ген­де, дәтім барып, жібе­ре алма­дым. Жас бол­са 70-ке кел­ді (мені­мен жастағы­лар­дың неме­ре түгілі шөбе­ре­лері бар), төрім­нен көрім жуық шақта жалғыз ұлды қалай далаға қаңғы­та­мын?! Ауыл­да жұмыс жоқ.

Аудан про­ку­ро­ры­на кіріп, «Хоум кре­дит» менің келісі­мім­сіз зей­не­тақым­нан сон­ша ақша ұста­уы заңға жата ма?» – деп сұрақ қой­ып едім. Аты-жөнім­ді жазып алып, өзім хабар­лай­мын деп шыға­рып салған, әлі хабар жоқ. Бір жұма­дай жау­ап бол­маған соң, про­ку­ра­ту­раға қай­та барып, басқа бөлім­де­гі Ситқа­ли­ев Нұр­лан деген май­ор шенін­де­гі жігіт­ке жағ­дай­ым­ды айтқан­мын. Бірақ ол жігіт те ертеңіне хабар­ласқа­ным­да, өзім білетін мағлұ­мат­тан басқа мар­дым­ды ештеңе айта алма­ды. Облыс орта­лы­ғы Оралға барып, кас­са­ци­я­лық арыз беруі­ме бола­ды екен. Бірақ нан сатып ала­тын ақша таба алмай оты­рған­да, облыс орта­лы­ғы­на қалай барай­ын!? Кеңес кезін­де­гі­дей жолға шығып, қол көтеріп, кез кел­ген транс­пор­тқа әншей­ін мініп кететін күн кел­мес­ке кет­кен!

Мен ай сай­ын шамам кел­генін­ше бес мың­нан төлеп тұрар едім деп те айт­тым. Әуел­де алған 100 000 тең­ге кре­дит­тің жар­ты­сын­дайы өтел­геніне қара­май, айып сома­сын қосқан шығар, менен тағы 160 мыңға жуық тең­ге өндіретін болып­ты. Бұл дегеніңіз – адам­ды тірі­дей сою ғой!

Түр­лі той­лар­ды той­ла­у­ға үкі­мет­те ақша қара­жа­ты жете­ді де, мұқтаж ада­мға көмек беру­ге кел­ген­де жоқ болып қала­ты­ны қалай? Осы зарым заң орын­да­ры­ның құлағы­на тиіп жат­са, айта­рым: мен алған ақшам­нан бас тарт­пай­мын, төле деген сома­сын ай сай­ын бес мың тең­ге­ден ұмыт­пай төлеп тұруға уәде ете­мін, арты­ққа шамам кел­мей­ді!

Қай­ер­ден ЖҰМАШЕВ,

Тасқа­ла қала­сы,

(БҚО)

еще по теме

АЗАҚТЫҢ ІШІНДЕ ЖҮРІП, АЗАҒЫМДЫ САҒЫНАМ…

«Обще­ствен­ная пози­ция» (про­ект «DAT» №18 (430) от 10 мая 2018 г. Оры­стіл­ді қаза­қтың жан айқайы …

БҰЛ «ОЗБЫРЛЫҚТЫҢ» АРТЫНДА КІМ ТҰР?

«Обще­ствен­ная пози­ция» (про­ект «DAT» №18 (430) от 10 мая 2018 г.   Қас­ке­лең­де­гі «Үш қоңыр» …

Добавить комментарий