Home » Дат|Каз » МАЛҒА ЕМЕС, полицейге памперс КИГІЗУ КЕРЕК…

МАЛҒА ЕМЕС, полицейге памперс КИГІЗУ КЕРЕК…

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №43 (407) от 23 ноября 2017 г.

 

Жазылған жайдың жаңғырығы


 

«ДАТ» газетінің 29 қазан күнгі санында жарияланған «Малға памперс кигізетін шығармыз …» деген мақаласы мені ішкі істер органының ардагері ретінде пікір білдіруіме итермеледі.

 

Бұрындары ел арасында «милиция менің қорғаным» дейтін болса, бүгінде полицейлер азаматтарды қорғаушы емес, «алыстан аңдып, қайтсем «қораға» кіргізсем дейтін аңдушыларға айналған. Олардың арасында тіпті көшеде темекті тартып тұрған адамдарды да аңдып, оларға қаттама толтырам деп, бопсалауға көшкендері де бар. Мысалы, Шымкент қалалық Фосфор емханасы аумағына қарайтын учаскелік инспектор ауырып жатқан туысқандарына келген азаматтарды аурухана аумағында (таза ауада, арнайы орында) шылым шегіп отырған адамдарды аңдып, «шылым шектіңіз, полицияға барамыз» деп, қоқан-лоқы көрсеткен жәйтке де куә болдым. Ал ойда-жоқта «жазықты» болған адамдар полицияға барып, әуре-сарсаңға түскенше, айып ақшаны сол арада инспектордың қолына беріп құтылған еді.

Кейбір учаскелік инспекторлардың соншалықты құнығып, өзінің негізгі қызметін ұмытып, осындай жолмен ақша табуы – қызметтік тәртіпті бұзу ғана емес, барып тұрған қылмыстың өзі. Бұл арада ОҚО Ішкі істер департаменті басшылары тарапынан да осындай келеңсіз жайттарға тиісті бақылаудың жоқтығы байқалады. Сол учаскелік инспекторлардың бекітілген аумағында қанша ашылмаған қылмыстың, әсіресе ұрлыққа байланысты проблемасы жоқ деп не аудан прокуроры, не болмаса полиция бастығы айта алмас. Ал газетте жазылған мақалада аталған ОҚО Түлкібас ауданының Ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы Б.Бүркітбаевтың әрекеті – барып тұрған бассыздық. Учаскелік инспектор бұл арада өзі тұрмақ, ауданның білдей судьясын «қораға» кіргізіп отыр. Ұлтымыздың ата кәсібі болып саналатын малдың қиын өз жеріне төккені үшін, қазақшалап айтқанда, дені сау учаскелік инспектор құқық бұзушылық туралы азаматқа хаттама толтыра ма?

Мал баққан ауыл халқына проблема туғызған учаскелік инспектор Б. Бүркітбаевты «крышасы» қандай мықты болса да, ішкі істер органдары қызметінен аластату керек деп есептеймін. Ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан қаншалықты полициялық-қызметтік тәртіп бұзғандарын көрсем де, малдың тезегі үшін іс қозғаған мұндай «әпенделікті» көрген де, есіткен де емеспін. Бұл жағдайға ҚР ішкі істер министрі Қ. Қасымов мырза тікелей жауап берсе керек еді. Бәлкім, қызмет өкілдігін асыра пайдаланған полицейдің өзіне памперс кигізу керек болатын шығар…

Ал ол істі өндіріске алған соттың әрекетіне ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қ.Мәми мырза баға беруі тиіс. Себебі бұл арада сыбайластық әрекет болуы әбден мүмкін.

Еркін КЕРІМБАЙҰЛЫ,

Ішкі істер органының ардагері,

Шымкент қаласы

About Zika1961

Добавить комментарий