Home » Апта аптығы » Маңғыстауда xалықтың ТОЛҚУЫ МҮМКІН

Маңғыстауда xалықтың ТОЛҚУЫ МҮМКІН

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №31 (395) от 31 августа 2017 г.

 

Апта аптығы

 

АнекDAT

 

– Атың кім еді?

– Асқар…

– Аа-а-а… Вицемін десей!

• Айдос Сарымның ФБ-парақшасынан

 

 


 

«Ауруын жасырған өледі» деген мақал бар. Қазақтың дауылпаз ақыны Мұрат Мөңкеұлы: «Мен қауіп еткеннен айтамын» депті ғой. Мен де қауіп еткеннен, сол қауіптің алдын алу үшін жазып отырмын.

 

Келер жылы Маңғыстауда xалықтың толқуы болуы әбден мүмкін…

Оған басты себеп – жұмыссыздық!

Қазір біздің қоғам жұмыссыздықты жасырып отыр. «Өзін-өзі асыраушы», «қазақ жалқау», «жастар еріншек» деген сылтаулар көбейіп барады. Жастарды сондайға үйреткен өзіміз емес пе?

Қазір Маңғыстау мұнайшыларын 5/50 деген бағдарламамен жұмыстан шығарып жатыр. Жастар 5 жылғы жалақысының 50 пайызын алғанға мәз болып, жұмыстан кетуде. Қазір қолдарына 5-8 миллион алғанға қуанған жастар жұмыстан өз еркімен бас тартуда.

Бұл ақшаны олар бір жылға да жеткізбей құртады. Бұл бағдарлама келер жылы жұмыссыздықтың деңгейін 2,3 есеге көбейтеді.

Өзге аймақтармен салыстырғанда, Маңғыстауда тамақ, киім, тұтыну бұйымдары өте қымбат. Осы және басқа да түрлі әлеуметтік қиындықтар жинала келіп, xалықтың жаппай наразылығына ұласуы ықтимал. Бұл қауіптің алдын алмасақ, ертең кеш қаламыз. Сол кезде тек салдармен ғана күресетін боламыз. Әрине, мен елдің тыныштығын, амандығын ойлағасын, жазып отырмын. Ақылдасайық, талқылайық, ауруымызды жасырмайық, ағайын!

Қашанғы той тойлаймыз? ЭКСПО да жақында аяқталады. Жаз да өтіп барады…

 

Жәнібек ҚОЖЫҚ,

Abai.kz

 

 


 

About Zika1961