Home » Апта аптығы » МҰНДАЙ ОДАҚТАСТЫҢ БАРЫНАН ЖОҒЫ ЖАҚСЫ

МҰНДАЙ ОДАҚТАСТЫҢ БАРЫНАН ЖОҒЫ ЖАҚСЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №45 (409) от 7 декабря 2017 г.)

Апта аптығы

 

 


 

Ресей билігінің хабарлауынша, желтоқсанның басынан бері Новосибирск облысына Қазақстан мен Қырғызстаннан барған ондаған тонна карантиндік жеміс-жидек кіргізілмеді.

 

Ресей ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау қызметінің Новосибирск облысы бойынша басқармасының ақпаратына қарағанда, 76 тонна өнім «Карасук» бақылау пунктінен өткізілмеген. Қырғызстаннан жөнелтілген құрма, алма мен қауын және қазақстандық пияз салынған қаптарға арнайы белгі соғылмаған. Бұған қоса өрік-мейіз, қызыл күріш, жаңғақ өнімдеріне фитотазалық куәлігі берілмеген. Бұл өнімдер кері қайтарылған, деп хабарлайды «Азаттық».

Еске сала кетейік, Еуразиялық экономикалық одақтастық ашылған кезде ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Енді одақтың ішінде тауарлар еркін айналады» деген еді. «Еркін айналудың» түрі осы болса, мұндай одақтастықтың барынан жоғы жақсы болар еді.

«D»

About Zika1961