Home » Дат|Каз » МӘДИНА КІМГЕҒАШЫҚ БОЛҒАН?

МӘДИНА КІМГЕҒАШЫҚ БОЛҒАН?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №30 (394) от 24 августа 2017 г.

 

Өз сөзі

 


• Мәдина Сәдуақасова өзі ғашық болған спортшы жігіт туралы айтып берді. Нұржан есімді сері әншінің алғашқы махаббаты болған екен.

Бұл туралы «31 арнаның» «Все только начинается» бағдарламасына сілтеме жасаған Stan.kz хабарлайды.

«Иә, мектепте ғашық болған кезім болды. Ол баланың есімі Нұржан болатын. Тіпті тегі әлі күнге дейін есімде – Есмаханов. Оған ғашық болғанымды өзі біледі. Ол менен бір сынып жоғары оқыды. Жалпы ол жігітке мектептің бүкіл қыздары ғашық болатын. Өзі спортшы жігіт еді, чемпион. Ол мектепке жиі келмейтін. Себебі үнемі жарыстарда жүретін. Ал ол мектепке келген кезде қыздар естерін жоғалтатын. Ашықтан-ашық хат жазатын. Оның Сандуғаш есімді қарындасы бар. Мектепте қыздардың бәрі сол Сандуғашпен дос болғысы келетін», – деп еске алады Мәдина.

Бұдан кейін Мәдина өкінішіне айналған оқиғаны еске алды.

«Күндердің-күнінде біз Нұржан екеуміз баспалдақта көз түйістіріп қалдық. Ол «сәлем» деді де, жоғарыға көтеріліп кетті. Ал мен содан кейін баспалдақтан қалай түскенімді де білмеймін. Сосын мектеп бітіргенше: «Неге оған жауап бермедім?» деп ойлай бердім», – деген өкінішін білдіреді Мәдина.

Ол алғашқы махаббаты Нұржанды жуырда Қызылордада кездестіріп қалған екен. «Оны мектеп кезінде ұнатқанымды журналистер айтып қойды. Олар алғашқы махаббатымнан: «Мәдина Сәдуақасованың сізге ғашық болғанын білесіз бе?» деп сұрағанда, ол: «Жоқ, мен тіпті де артымнан қыздардың көп жүгіргенін байқамаппын», – деп жауап берді. Спортшылар қауымы сондай болады екен ғой», – дейді Мәдина күліп.

«Ал бұл жаңалықты күйеуіңіз қалай қабылдады?» деген сұраққа әнші: «Бір қалыпты. Жалпы, мектептегі бала махаббат барлығында болады деп ойлаймын. Оның үстіне Олжас екеуміздің арамызда ешқандай сыр жоқ. Ол онсыз да мен жайында бәрін біледі», – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Stan.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

About Zika1961