Home » Апта аптығы » КӘСІПОДАҚ ЖЕ ТЕКШІСІЕКІ ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
052817_1552_1.png

КӘСІПОДАҚ ЖЕ ТЕКШІСІЕКІ ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №19 (383) от 19 мая 2017 г.

 

Апта аптығы


 

 

 

Маңғыстау облысындағы Oil Construction Company (OCC) мұнай компаниясының кәсіподақ жетекшісі Әмин Елеусінов екі жылға сотталды, оның мүлкі тәркіленеді және бес жыл қоғамдық, кәсіподақ қызметімен шұғылдана алмайды.

 

Астана қаласы Алматы аудандық № 2 сотында бүгін осындай үкім шықты. Судья Гүлжан Убашеваның айтуынша, сот Елеусіновтің бұрын сотталмағанын, «ағынан жарылғанын», «кінәсін мойындағанын» ескерді.

Жаза мерзімі 20 қаңтардан – Елеусінов қамауға алынған күннен басталады. Кәсіподақ жетекшісі ұсталған уақытта Маңғыстау облысындағы мұнайшылар Тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының жабылуына наразылық ретінде аштық жариялап жатқан еді. Сот Елеусіновтен 8 миллион теңге өндіруге үкім етті. Прокуратурамен жасалған келісім бойынша, Әмин Елеусінов кәсіподақ ақшасын жымқырғанын, полиция қызметкерлерін балағаттағанын, оларға мойынсұнбағанын және күш көрсеткенін мойындайды. Келісім бойынша, ол 8,2 млн теңгені 2018 жылдың мамырына дейін төлеуі тиіс.

Azattyq.org

 


 

About Zika1961