Home » Апта аптығы » ЕС-АҒАМ ЕСТЕЛІККЕ АЙНАЛДЫ…

ЕС-АҒАМ ЕСТЕЛІККЕ АЙНАЛДЫ…

 

 

 

Беу, дүние!

 


Сонау 80-ші жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде қатарлас қызмет қылған Есімхан досым Орынбаев кенеттен дүние салыпты. 62 жаста ғана еді. Жүректен кетті.

 

Пай-пай, заман-ай, фототілші Ес-ағам екеуіміз талай-талай командировканың қызығы мен шыжығын көрдік қой: үш күндік іссапарды аптаға созатын кездер есте. «Завклуб келіншек тәуір екен…», «райком комсомолдың қызына енді жол тауып едім…», «аупарткомның приёмныйындағы қыз маған қиыла қарап еді…» десіп, қайтар жолға билет «таппай» қалатын күндер болған. Сонда іссапардан кешігіп қайтқан біздерге редакторымыз Манап аға Салықбаев: «Әй, жүгірмектер, райкомнан бронь неге алмадыңдар?!» – деп гүр еткенде, ойластырып келген сылтауымызды ұмытып қалушы едік.

Әттең, енді сол Ес-ағам естеліктерде ғана қалатын болды. Оның кәсіби шеберлігі, жолдасқа жанын жұлып берер жомарттығы, әжуә мен әзілге жылы ғана жымия күлетін кездерін сағынатын күн туды. Кешкі 6-дан кейін жиі-жиі кафеге айналып кететін фотолабораториясы қайран жастықтың бір мекені еді…

Жатқан жерің жұмақ болсын, қайран дос! Сен көрмей кеткен ғұмырдың қызығы бала-шағаңа бұйырсын!

Ермұрат БАПИ

 

 


 

About Zika1961