Home » Дат|Каз » Ермек Тұрсынов ТАҒЫ БІР КИНОтүсіруді бастайды

Ермек Тұрсынов ТАҒЫ БІР КИНОтүсіруді бастайды

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №21 (385) от 1 июня 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

Жақсы хабар


 

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Киномеханик» атты жаңа толықметражды көркем фильмнің қорғалымы өтті, деп хабарлады 24.kz.

 

 

Фильмнің режиссері – киностудияда қабырғасында бұған дейін «Келін», «Шал» және «Кенже» атты танымал трилогиясын түсірген Ермек Тұрсынов. «Киномеханик» кинокартинасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілгелі отыр. Фильм Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс қариядан киноаппарат сыйға алған солдат туралы. Соғыстан соң елге оралған ол қартайған шағына дейін ел аралап, киноаппаратпен ескі фильмдерді көрсетіп, өнер арқылы, оның ішінде кинематографтың көмегімен әлемді өзгертуге болады деп сенеді.

Картинаның продюсері Қанат Төребай Екінші дүниежүзілік соғыс суреттелетін сахналар өткен жылдың желтоқсан айында Венгрияның астанасы Будапештте түсірілгенін айтып, 8 минуттық бейнематериалды Эксперттік кеңес мүшелеріне көрсетті. Кеңес бірауыздан бұл фильмді түсіруді қаржыландыруға әбден болады деген шешімге келді.

 

 

 

ҚазТАГ

 

 


 

About Zika1961