Home » Апта аптығы » Елдегі кедейлікӨСІП БАРАДЫ

Елдегі кедейлікӨСІП БАРАДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №34 (398) от 21 сентября 2017 г.

 

 

Апта аптығы

 

 


 

 

 

Қазақстанда бір жылғы бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 2017 жылдың ІІ тоқсанында кедейлік деңгейі өсті, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.

 

«Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейін ең төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2017 жылдың II тоқсанында 2,7% құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,1 п.т. жоғары болды», – делінген жұмада жарияланған хабарда.

Сонымен қатар кедейлік деңгейі мен арадағы айырмашылық қала және ауыл халқының арасында бұрынғыдай сақталып отыр деп көрсетілген ҰЭМ хабарында. «2017 жылдың II тоқсанында кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Оңтүстік Қазақстан (4,9%) және Жамбыл (3,9%) облыстарында, ең азы Астана мен Алматы (0,8%-дан) қалаларында тіркелді», – делінген министрлік хабарында.

«Сонымен, 2017 жылдың II тоқсанында азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстарда 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген үй шаруашылықтарындағы халықтың арасындағы айырмашылық 4,2 есені, азық-түлік емес тауарларға – 7,2 есені, ал ақылы қызметтерге – 8,6 есені құрады», – делінген хабарда.

ҚазТАГ

 

 


 

About Zika1961