Home » Апта аптығы » ЭКСПО ҚЫЗЫҒЫН ТАКСИШІ БАСТАДЫ

ЭКСПО ҚЫЗЫҒЫН ТАКСИШІ БАСТАДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.

 

Апта аптығы

Темірқазық

 


 

Енді екі күннен кейін елдің де, елбасының да есін алған ЭКСПО басталады. «Тойдың болатынына» тойдық: ресми деректер бойынша, тек көрменің құрылысына ғана 3 миллиард долларға жуық қаржы шашылған екен. Бұл бүкіл Қазақстанның екі айлық бюджетіне парапар сома. Ол сомаға қанша баспана салуға болары – елдің етегін жасқа толтырар әңгіме. Немесе осы қаржыға Алматы мен Астананың арасына төрт жолақты даңғыраған күре жол салуға болар еді.

 

Ал «тойдың болғаны» қалай болады, оны үш ай бойы өткізу, ойынсауық, ішіпжеу, әлемдік «жұлдыздарды» шақыру шығыны қаншаға түседі? Оны «ит біледі».

Айтпақшы, «ЭКСПО2017» көрмесін өткізуге кемінде 2,3 млрд доллар жұмсалуы тиіс болғандықтан, Канада, Австралия, Испания, Франция, Норвегия, Сербия және басқа елдер таластан тартынып қалғаны мәлім. Ақыры екі үміткер – Астана мен Бельгияның Льеж қаласы қалып, мұнайдың үстінде отырған Қазақстан жеңіске жетті. Льежге ЭКСПО таңсық емес еді: Бельгияда 11 рет көрме ұйымдастырылса, оның үшеуі осы қалада өткен. Ал біздегі көрме Миланда өткен «ЭКСПО15» пен Дубайда 2020 жылы өтетін негізгі көрмелердің арасындағы «баланың ойыны» ғана. Сол «ойынның» өзі қыруар қаржыны қылғытып кетті.

Ал енді Астана көрмесін ұйымдастырушылардың есептеуінше, оған 2 миллион турист келеді екен. Осыдан екі жыл бұрын бұл көрсеткіш 6 миллионның маңында еді. Біртебірте кеміп, ендігі болжам 2 миллионмен шектеліп тұр.

Шамасы, көрме басталмай жатып, астаналық таксиші келушілердің бірінен 40 мың теңгені сыпырып алғанына қарағанда, қамданған қонақтардың қаншасы қаймығып қаларын біздің «ит» де біліп болмас.

Енді мына қызықты қараңыз: осы 2 миллионның 85 пайызы (1,7 млн) өзіміздің халық екен, сырттан келетін қонақтар 300 мыңның маңы ғана. Сонда «халықаралық» деген атауы бар бұл көрме кім үшін өткізілетін болды? Қазақстанның қайыршылыққа душар болған дәрігерлері мен әр тиынын тіршілікке талғажу еткен мұғалімдері үшін бе? Оларды қызыққа қарық қылу қажет болғанда, шашетектен шашылған 3 миллиардты барлығына қылдай бөліп бере салған әлдеқайда әділетті әрекет болмас па еді?

Дегенмен, тойдың «болғанын» күте тұралық: «ит қорыған жерге әуес» дейді – әлі талай «таксишілер» талайталай қызыққа батыратын шығар… Ең бастысы, таксишінің қызығынан басталған көрменің барысында пантеонның алғашқы «клиенттері» анықталып қалмасын деп тілейік…

Оңай дейсіз бе?!

 

Ермұрат БАПИ

 

 


 

About Zika1961