Home » Апта аптығы » ЭКСПО КЕЗІНДЕ азық-түлік ҚЫМБАТТАДЫ
071817_1801_1.jpg

ЭКСПО КЕЗІНДЕ азық-түлік ҚЫМБАТТАДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №26 (390) от 5 июля 2017 г.

 

Апта аптығы


 

 

Energyprom.kz зерттеулеріне сенсек, мамыр айымен салыстырғанда, маусымда қырыққабат 17,9 пайызға, қызылша – 17, картоп – 12,4, сәбіз – 6,8 пайызға көтерілген. Хабарда атап көрсетілгендей, салыстырмалы түрде алсақ, жалпы еліміз бойынша қырыққабат бағасы 17,2 пайызға, қызылшаныкі 6,1 пайызға жоғарылаған. Ораза мен айт мерекесі, «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуы болған айда сәбіз бен қырыққабат республика бойынша орта есеппен алғанда 17–18 пайызға, қой еті 21,5 пайызға көтерілген. Астана әкімдігі бағаның көтерілуі ЭКСПО-ға байланысты емес, маусымдық қордың азаюынан екенін алға тартады. Қазіргі уақытта қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы бағаның негізсіз қымбаттауына жол бермеу үшін іс-әрекет жасап жатыр. Ол үшін азық-түлік тауарларының тұрақты қоры құрылып, қымбаттау қаупі жоғары өнімдер алдын ала сатып алынады.

«D»

 

 


 

About Zika1961