Home » Апта аптығы » ЭКСПО қаңырап ҚАЛДЫ

ЭКСПО қаңырап ҚАЛДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №43 (407) от 23 ноября 2017 г.

Апта аптығы

Дүрмектен дәнеме


 

Астаналықтар оған кеткен қыруар қаржының ысырап болғанына күйінеді.

 

Жаз бойы тіршілік қайнаған көрме аумағында қандай өзгерістер болды? Көрмедегі ұшан-теңіз аумақты алып жатқан павильондардың бүгінгі жайы қандай? NUR.KZ тілшісі ЭКСПО аумағына барып, «көрменің» бүгінгі жай-күйімен танысып қайтыпты.

 

Жаз бойына елордалықтар мен шетелдік туристерді түрлі мәдени іс-шараларымен қуантқан ЭКСПО көрмесі қараша айында «қайта» ашылғаны белгілі. Алғашқы күндері көрме аумағына кіру тегін болғанымен, қазір ұлттық павильон мен өзге де нысандарға кіру үшін тұрғындар 1500 теңгеге билет сатып алулары тиіс.

Қаңырап бос қалған ғимараттар, жиналмаған қар мен алуан түрлі техника: бұл әйгілі ЭКСПО көрмесінің бүгінгі көрінісі. Көрменің ұлан-ғайыр аумағының бос қалғаны соншалық, мұнда тіпті күзет қызметкерлерінен басқа тірі жанды таппайсыз. Ал әлемнің түрлі елдерінің жетістіктерін паш еткен павильон орындары қоршаулы тұр.

Құрылысшылардың айтуынша, аталған орындарды қысқа икемдеп, ғимарат маңын толығымен қоршап жатқан көрінеді. Елорда қысы қатал екенін ескерсек, көрме ішіндегі қарды тазалау да оңайға соқпасы анық. Қазірдің өзінде ғимараттардың дені қар астында қалған.

Ал қарашаның 11-і күні көрменің ашылу салтанатында аталмыш аумақта 20-дан астам асхана жұмыс жасайды деп сендірген шенділер «сөздерінен» жаңылысқан секілді. Көрме алаңындағы асханалардың дені жабық. Ал жазғы асханалардың жайы тіптен мүшкіл. Сырттағы үстел-орындықтар мен тынығу орындары шаң басқан күйі қалған.

Көрмеге келген аз-маз қала тұрғындарының да пікірі бір. Олардың басым көпшілігі «қыруар қаржы ысырап болғанын» алға тартты. «Жазда отбасымызбен келгенбіз, сменамен жасайтын жұмыс болғандықтан, бүгін қолымыз бос, көрмеге тағы бір барып қайтайық деп едік. Көргендеріңіздей адам аз, тіпті жоқтың қасы. Бәрінен бұрын осыған кеткен ақшаны аяйсың», – дейді елордалық Азамат есімді азамат.

Nur.kz

 

 


 

About Zika1961

Добавить комментарий