Home » Апта аптығы » ДУЛАТ ИСАБЕКОВТІҢ ТОЙЫ Лондон фестивалінде аталып өтті

ДУЛАТ ИСАБЕКОВТІҢ ТОЙЫ Лондон фестивалінде аталып өтті

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №36 (400) от 05 октября 2017 г.

Апта аптығы

Бәрекелді!


 

Англия астанасы Лондонда белгілі қазақ жазушысы, драматург Дулат Исабеков атындағы фестиваль өтуде. Іс-шара жазушының 75 жылдығына орай ұйымдастырылған, деп жазады Stan.kz.

 

Бұл туралы фестиваль қатысушыларының бірі, актриса Салтанат Бақаева (суретте) Instagram-парақшасында хабарлады. «Лондон қаласына келуіміздің басты себебі – Дулат аға Исабековтың 75 жылдық мерейтойы. Осыған орай Лондон қаласында Дулат Исабеков атындағы фестиваль өтіп жатыр. Біз «Жау жүрек» қойылымымен сол фестивальді аштық. Жаңа ғана аты әлемге әйгілі «БигБен» сағаты орналасқан парламент ғимаратында Дулат ағаның 75 жылдығына арнайы жайылған дастарxаннан дәм таттық! Бұның барлығын ұйымдастырған – Лорд палатасы! (Ескерте кетейік, Дулат Исабеков лордтар палатасында сөз сөйлеген бірінші қазақ жазушысы – Ред.). Үш ұйықтасам түсімде көрмеген, ойламаған нәрселер өміріңде болады екен… «БигБен» сағаты орналасқан ғимаратта лордтармен, королеваға жақын жүрген адамдармен дастарxандас боламын деп еш ойламаған едім», – деп жазды Салтанат.

Stan.kz

 


 

About Zika1961