Home » Дат|Каз » Доллар бағасы 370 ТЕҢГЕГЕ ЖЕТУІ МҮМКІН

Доллар бағасы 370 ТЕҢГЕГЕ ЖЕТУІ МҮМКІН

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №28 (392) от 11 августа 2017 г.

 

Сарапшылар


 

Қазақстан қор биржасы төл валютамыздың әлсіреуін тұрғындардың эмоцияға қатты берілуімен түсіндірді. Яғни, азаматтар антиресейлік санкциядан қорқып, жаппай долларды сатып алуға кіріскен.

 

Ал, бұл жағдай өз кезегінде АҚШ ақшасының қымбаттауына әкелген. Биржадағылар қазір жағдайдың тұрақталғанын айтып, халықтың алаңдауына негіз жоқ деп, сауда-саттықтағы дүрмекті доғаруға тырысуда. Бірақ, әлемдік көмірсутегі және қазақстандық қаржы нарықтарын бақылап отырған тәуелсіз экономистер теңгеге тықырдың таянғанын ашық айтып отыр.

Шілде – Қазақстан қор биржасы үшін сәтсіз айлардың бірі болды. Өйткені, сауда-саттықтың жалпы көлемі 48 пайызға төмендеген. Ал, биржада үстемдік етуші – сол баяғы АҚШ ақшасы. Бірақ, бұл жолы доллармен жасалған сауда-саттық өткен аймен салыстырмалы түрде біраз азайған, – деп жазады КТК арнасының сайты.

Соған қарамастан, АҚШ ақшасы теңгені әлсіретіп жіберді. Төл валютамыз тек доллар емес, KASE-дегі сауда-саттықта барлық шетелдік валютаға қатысты құнын жоғалтқан. Яғни, бір айдың ішінде теңге еуроға қатысты 4,4, юань 2,5, ал долларға қатысты 1,8 пайызға арзандаған. Биржадағылар мұның себебін эмоцияға берілгіш тұрғындардан көреді.

«Бірінші кезекте сыртқы факторлар әсер етті. Ресейге салынып жатқан санкцияларды халық қорқынышпен қабылдады. Кейбір ақпарат құралдары жұртты одан сайын дүрліктіріп қойды. Салдарынан, бізде ішкі фактор қалыптасты. Долларға сұраныс дереу артты», – дейді «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.

Қазір жағдай тұрақталған. Дүрліккен халық та сабасына түскендей. Тіпті, қор биржасындағылар алаңдайтын негіз жоқ дейді. Айтуларынша, ештеңеге қарамастан, теңге жақын арада арзандай қоймайды.

Десе де, әлемдік нарықты қырағы бақылап отырған сарапшылардың пікірі мүлдем басқаша. Олар KASE-дегілердің бұлайша сабырлы болуына негіз жоқ дейді. Себебі, теңгеге кері әсер ететін жағдайлар жетерлік.

«Рубль арзандайды. Ол қазіргі бағамынан 10 пайызға құнсызданады. Яғни, долларға шаққанда 64–65 рубльге дейін түседі. Сәйкесінше, Қазақстанның Ұлттық валютасы да арзандайды. Теңгенің жағдайы қарашада қиындай түсуі мүмкін», – дейді Ресейлік сарапшы Олег Богданов.

Өйткені, күздің ең соңғы айы нарықтағы ең ауыр ай болып есептеледі екен. Сарапшылар дәл сол кезде теңге долларға шаққанда 370-ке дейін арзандайды деп болжап отыр.

Stan.kz

About Zika1961