Home » Дат|Каз » Димаштың жүлдесінен ЖАҢЫЛЫП ҚАЛДЫҚ

Димаштың жүлдесінен ЖАҢЫЛЫП ҚАЛДЫҚ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №45 (409) от 7 декабря 2017 г.

 

Жаса!


 

Қазақстанның атын айдай әлемге шығарған Димаш өткен аптада тағы да бірнеше халықаралық жүлдені иемденді. Бұл оның соңғы бір жыл ішіндегі нешінші жүлдесі екенінен жұртшылық жаңылып қалған сияқты.

 

Бұл жолы Димаш Қытай астанасында өтіп жатқан «Fashion Night Gala» марапаттау рәсімінде «Инновация заманының лидері» атағын иеленді. Бұл орайда Димаш өзінің инста-парақшасында: «Достар, сүйіншіммен бөлісуге рұқсат етіңіздер! Сіздердің дұғаларыңыздың арқасында «Fashion night gala» марапаттау рәсімінде «Инновация заманының лидерi» деген атаққа ие болдық. Қолдауларыңызға, әрдайым мен үшін беріп жүрген дауыстарыңызға рахмет!» – деп жазды.

Еске сала кетейік, бұның алдында ғана ол жыл сайын өтетін «IQIYI awards» марапатында «Жылдың ең үздік әншісі» номинациясын жеңіп алған еді. Тағы да өткен аптада Димаштың «The crown» әні Қытайдың «QQ music» платформасында үздік әндер қатарынан танылды деп хабарлады NUR.KZ. «Ұлықпан ағам жазып берген «The crown» деген жаңа әнімді салған бойы, жарты сағаттың ішінде ең көп сатып алынған әндердің көшін бастап отырғанына таңданып отырмыз. Жанкүйерлерім, сіздерге үлкен рахмет! Қатты қуантып қойдыңыздар. Сіздердің осынау қолдауларыңызбен жыл әні атанып кетсе, таңқалмайтын да шығармын. Жақсы көремін. Ұлықпан аға, жасай беріңіз!» – деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.

Оның бер жағында Димаш Астана қаласы әкімшілігінің «Астана дарыны» сыйлығына ие болғаны және Бауыржан Момышұлы медалімен марапатталғаны бар. Міне, осыдан кейін бір жылдың ішінде қардай жауған жүлделер мен сыйлықтардан жаңылмай көр!

Сырым ДАТОВ

About Zika1961

Добавить комментарий