Home » Дат|Каз » ДИМАШТЫҢ КОНЦЕРТІ: 5 ЕРЕКШЕЛІК ҚАНДАЙ?
071817_1709_1.png

ДИМАШТЫҢ КОНЦЕРТІ: 5 ЕРЕКШЕЛІК ҚАНДАЙ?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №26 (390) от 5 июля 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

 


 

Белгілі болғандай, 27 маусымда «Астана Арена» стадионында өзінің табиғи дарынымен миллиондарды мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергеннің «Бастау» атты жеке шығармашылық ән кеші өткен еді. Осы орайда Massaget.kz сайты концерттің бес ерекшелігі деп мына жағдайларды атады:

 

1. Қазақстанда «Астана Аренаны» алғаш толтырған Димаш болды. Ол бұл кешке 30 мыңнан аса адам жинады, олардың 60 пайызы қазақстандықтар болса, 40 пайызы шетелдіктер.

2. Саф өнер әрдайым өнер иесінен адалдықты талап етеді. Оның дәлелі — жанды дауыс. Бұл концертте Димаш 100 пайыз жанды дауыста ән шырқады.

3. Елімізде тұңғыш рет фанклубтар бірлестігі көрінді, көрініп қана қоймай, іспен дәлелденді. Атап айтсақ, Dimash&Dostar, DimashdearsEurasianFanclub, т.б. бірлестіктер бой көрсетті.

4. Кешке тек отандық жанкүйерлер ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шетелдерден жанкүйерлер келді. Атап айтсақ, Қытай, Ресей, Франция, Канада, Жапония, Индонезия, тіпті мұхиттың ар жағынан (АҚШ) да жанкүйерлер келіп қатысты.

5. Үздік сахна, ұтқыр режиссерлік шешім, кәсіби би топтары қатысқан кеште Димаш ән айтып қана қоймай, бишілік өнерімен де жанкүйерлердің назарын аударды.

 

Аktobenews.kz

 

 

 

 

About Zika1961