Home » Дат|Каз » Димаштың атымен ҰШАҚ ШЫҒАДЫ
072517_1735_1.png

Димаштың атымен ҰШАҚ ШЫҒАДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

 


 

Қазақ баласының атымен енді ұшақ жарыққа шығады! «TianDao» компаниясы «Eastern company»-мен бірге жеке тапсырысқа ұшақ шығаратын болды! Бұл ұшақ «Moonlight blade» онлайн ойыны желісіне арналмақ. Димаш осы ойынға «Уақыт-теңіз» атты саундтрек жазған болатын. 22 тамызда өзінің алғашқы рейсін Шанxайдан – Пекинге орындайтын аталмыш ұшақта Димаштың бейнесі жарыққа шығатын болады. Үлкен әуе кемесі енді Димаштың атымен брендке айналмақ!!! Барша Димаштың жанкүйерлеріне, Dears, құтты болсын!!!

• Алпа Шаримнің ФБ-парақшасынан

 

 

 

«ҚОҢЫРДЫҢ» ҚЫЗЫ МОДЕЛЬ БОЛЫП ЖҮР

 


 

«Қоңыр» тобының экс мүшесі Жазира Қошанова қаңтар айында топтан кетіп, Малайзияға қоныс аударған болатын. Қазіргі таңда бойжеткен аталмыш елдің подиумын бағындырып, сұранысқа ие модельдердің ондығына кіруге талпынып жүр деседі.

Осыдан бір ай бұрын Куала-Лумпурда өткен ауқымды сән апталығында Жазира Қазақстан атынан өнер көрсеткен. Ол туралы қазіргі таңда Малайзиядағы жалғыз қазақ журналисті ретінде қызмет атқарып жүрген Талғат Қалжан «Instagram» парақшасы арқылы видеоблог жариялап, бөліскен.

 

 

Жүргізушілер назарына

 

АЙЫППҰЛДАН АБАЙ БОЛ!

 


 

Шілде айының 15-інен бастап, Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулер өз күшіне енеді. Аталған кодекске ел президенті 2017 жылдың 4 шілдесінде қол қойды.

 

Қандай жаза жеңілдейді:

1. Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен үш АЕК-ға азаяды. Ал бір жыл ішінде тағы да тәртіп бұзған адам 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

2. 613 баптан полицейлердің рұқсатынсыз автокөлік салонынан түсіп кететін жолаушыларға қатысты жаза алып тасталынады. Енді олар заң бойынша көліктен шыға алады.

 

Қандай жаза ауырлайды:

1. 46 бапқа көлікке мас күйінде отырған мүгедек адамдарды көлік жүргізу куәлігінен айыру туралы тармақ қосылды.

2. 596 баптың 3 тармағына (Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу – бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады) мынадай толықтыру енгізілді: оның ішінде «бұрылыс және айналым». Бұдан былай тек қана қарсы бағытқа шыққан автокөліктер ғана емес, тұтас сызық арқылы айналым жасағандар да қарсы жолаққа шыққан деп есептеледі.

3. Медициналық тексерістен өтуден бас тартқан (613 бап) және көлікті мас күйінде жүргізген жүргізушілер бұдан былай екі жылға емес, үш жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылады.

Kolesa.kz

About Zika1961

Добавить комментарий