Home » Дат|Каз » ДИКТАТОРДЫҢ ҚҰЛАУЫ

ДИКТАТОРДЫҢ ҚҰЛАУЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №42 (406) от 16 ноября 2017 г.

 

Соңғы сағаттарда


Зимбабведе әскерилер ел президенті Роберт Мугабені қамауға алды деп хабарлайды Associated Press (AP) агенттігі. Бұған дейін армия қаржы министрін тұтқындап, мемлекеттік ZBC телеарнасының кеңсесін басып алған. Дегенмен, әскерилер елде мемлекеттік төңкеріс жасалғанын жоққа шығарып, Мугабе мен оның отбасына қауіп төніп тұрмағанын айтады. Әскерилер өздері президент Мугабенің айналасын «қылмыскерлерден тазартып жатқанын» мәлімдейді.

Ал TAСС агенттігі News 24-ке сілтеме жасай отырып: «Зимбабведе президент Роберт Мугабе мен оның отбасы қамауда. Елдің 93 жастағы көшбасшысы отставкаға кетуге дайындалуда», – деп хабарлады. Еске сала кетейік, Роберт Мугабе Зимбабвені 1980 жылдан бері басқарып келген еді.

 

 

 

ЖАПОННЫҢ ҚАЗАҚТАН НЕСІ АРТЫҚ?

 

Шығыс Қазақстан облысының 4 елді мекені Қазақстанның әкімшілік картасынан жойылады, деп хабарлады Көкпекті ауданының әкімі Рамиль Сағындықовтың сөзіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

 

«Бұл жағдайда шамамен төрт ауыл – Өрнек, Каменка, Қызылжұлдыз және Қарғалы туралы айтылып отыр. Заң бойынша, егер ауыл тұрғындары 50 адамнан аз болса, онда елді мекен жабық болады. Бұл ауылдарда да солай», – деді аудан әкімі.

Оның айтуынша, ауыл тұрғындары ешқайда кетпейді, өз үйлерінде қалады, бірақ олар басқа елді мекендерде тіркеледі. «Ешкім бұл адамдарды тастамайды. Мысалы, қыста ауыл жолдары тазарады, тамақты жеткізу туралы ойланамыз…» – дей келіп, бұл мәселе 130-дан астам ауыл тұрғынының тағдырына қатысты деді Р.Сағындықов. Ал Жапонияда Ками-Сиратаки теміржол стансасы бір ғана жолаушы үшін жұмыс істейді деп хабар тартқан еді «Росбалт» агенттігі былтыр. Міне, сол хабардың жолма-жол мәтіні: «Три года назад из-за удаленности станции Японские железные дороги решили остановить движение по этому направлению, однако вскоре стало известно, что этот поезд нужен старшекласснице для поездок в школу. В итоге поезда останавливаются на станции только ради нее: два раза в день и в то время, когда девушке надо на занятия. Станцию оставят открытой, пока девушка не окончит школу. Тогда станцию закроют».

Ал енді жапондар бір ғана бала үшін тұтас пойыз жүргізіп жатқанда, біздің елде 130-дан астам ауыл адамының тағдыры ойыншық болғанын санада салыстырып көріңіз…

Сырым ДАТОВ

About Zika1961

Добавить комментарий