Home » Апта аптығы » ДАУЛАССАМ ҚАЙТЕДІ?

ДАУЛАССАМ ҚАЙТЕДІ?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №33 (397) от 14 сентября 2017 г.

 

Апта аптығы

Бір ілкі сәт


 

Бүгін АЛТЫНБЕКТІҢ туған күні. Сол себепті еске түскен бір оқиға. Депутат сайлауы болатын кездің алдында Алтынбек Сәрсенбай Райымбек ауданынан шыққан зиялы қауымды Кегенге жинап, үлкен бір елеулі оқиға жасады. Сол кезде жақын таныстық. Сосын Қайнарға барып, ақын Алдаберген Жандараловты және менің әкемді еске алу кешін өткізбек болдық. Кейіннен сырласа, білісе келе, менің әкемнің еске алуын келер жылға қалдырып, халық театрын қайта ашуды жоспарладық… Орындалмай қалған арман болып қалды ол.

Мынау сурет (қараңыз) сол кештің жарнамасы еді. Өзімде әлі бірнеше данасы су жаңа сақталып қалды.

Нарынқолдың халық театрын қайта ашсақ деп аттандағаныма да біраз болды… Түбі ашармыз…

Енді негізгі әңгімеге көшейін. Сайлауды бекер еске алған жоқпын, Алтыкеңе уәде беріп, сайлау кезінде «Терісқақпай» бірге жүреді деп келіскен едік. Аяқ астынан Заманбек ағамыз үйіне шақырып, әпкесі Панаркүл тәтеміздің сайлауға түсетінін айтты. «Шешектер, әпке сендердікі, сендер бірге жүресіңдер!» – деді. Енді Алтынбектің алдынан өтіп, «естірту» керек болды. Кештетіп Фурманов пен Құрманғазы қилысындағы «Қабылдау үйінде» кездестік. Шай ішіп, оны-мұны айтып, қалжыңдасып, ұзақ отырыппыз. Сыртқа шығап, шамның астында тағы да әңгіме бітпей тұрып қалдық. Бір кезде Алтыкең:

– Оһо, Аске, суретің көбейіп жатыр, енді тіпті «танымал» болатын болдық! – деп күлді. Көше бойында бір қара джиптің терезесіне фотоаппаратты тіреп қойып, бізді суретке түсіріп отыр екен «біреулер».

Енді сол суреттерді кімнен сұрасам екен деп отырмын…

Асқар НАЙМАНТАЕВ

 

 

Comments

 

Ермұрат БАПИ:

Ол суреттерді бір тапсаң, «контордың» архивінен табасың, Асеке. Расында, ол «кеңсенің» мұрағаты мұрсат берсе, ол суреттер табыла қалса, керемет ескерткіш болар еді! Қалай десек те, Асқар бауырым, ілкі сәт сияқты осы өткен жәйтті есіңе алып, есіңе алып қана емес, оны жалпақ желіге жариялап отырғаның – сенің адал азаматтығың, батылдығың мен қайсарлығың деп білем. Әйтпесе Алтынбектің туған күні қарсаңында «естелік жазып берші» деп, редакция тарапынан ұсыныс жасалған екі бірдей жолдасы ұшты-күйлі хабарсыз кетті…

 

 

 

About Zika1961