Home » Дат|Каз » БОЛАТ жарыққа ШЫҚТЫ

БОЛАТ жарыққа ШЫҚТЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №45 (409) от 7 декабря 2017 г.

 


 

Бұған дейін БАҚ біткеннен қашқақтап, жаңалығын жарнамалаудан жалтарып жүретін танымал миллиардер Болат Өтемұратов ҚР Теннис федерациясының жылдық қорытынды есептік мәслихатында «жарыққа шықты».

 

«Біз (Қазақстан теннисі – Ред.) қазір соңғы 6 жылдан бері әлемдік топқа кірдік. Түрлі орындарда болдық бұған дейін, қазір ең мықтылардың әлемдік топ-16 қатарындамыз. Командадағы легионерлердің барлығына өз қаражатымды жұмсадым. Мемлекеттің емес, бюджеттің емес, өзімнің қаржымнан төлеп тұрдым», – деді Болат мырза мәслихат барысында.

Оның сөзінше, отандық теннисті көтеру үшін, ол 60 миллион доллар ақшасын салған екен. «Мен өткен жылдарды есептеп қарасам, 60 миллион доллар салыппын. Қандай да бір қазақстандық спорт федерациясы, білсеңіздер айтыңыздаршы, өз ақшасын салып жатқан біреуі бар ма? Соңғы төрт жылда бюджет қаржысынан барлық шығынның 30 пайызын ғана алып отырмыз. Қалған 70 пайызы – жекелеген азаматтардың қаржысы», – деді ол.

«Зарина Диасты 21 жасына дейін біз қаржыландырып, миллионнан астам доллар жұмсадық. Зарина өзі бұзып-жарып шықты деп жатады. 14 жасында қарамағыма алдым және оны дамытуға жеке өзімнің миллионнан астам долларым шығындалды. Иығына ота жасағанда да, мен қаржыландырдым. Қазір өзі де табыс табады», – деді миллиардер-меценат.

«Тенниспен айналысу үшін инфрақұрылым салу бойынша өзімізге алған міндеттемені орындадық және 2017 жылы еліміздің барлық өңірлеріндегі корттар санын 184-ке жеткіздік. Биылғы жылы Шымкенттегі жұмыс істеп тұрған теннис орталығында екі жабық корт, жаттығу залы мен қонақ үй пайдалануға беріледі. Осылайша бұл орталық халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі.

Келесі жылы Алматыда «Эйс» жаңа теннис орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Ол жеке инвестиция есебінен, Теннис федерациясының толықтай қаржыландырумен салынып жатыр. Сонымен қатар Ақтөбеде де тағы бір теннис орталығы салынуда. Астанада да 14 корты бар теннис орталығы салынатын болады. Мұнан бөлек, Қарағанды, Ақтау, Тараз қалаларында құрылыс жұмыстарын бастаймыз. Қызылордада жабық корттар санын арттырамыз», – деді Болат Өтемұратов баспасөз мәслихатында.

«D»

About Zika1961

Добавить комментарий